Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5223 0 пікір 29 Маусым, 2012 сағат 14:42

Су астында қалған су жаңа медиа орталық

Жалпы құрылысы мен ішкі техникалық жабдықталуы толық аятақталмай жатып, Президентті тағы «кереметтің» куәсі етуге асыққан астаналық шенеуніктер әдеттегідей «Бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген, Қазақстанда, қала берді бүкіл әлемде тұңғыш рет ашылған» медиа орталықты аралатқаны кеше ғана еді. Міне, енді сол «кереметтің» төбесінен сарылдап су ағып, едені көлкілдеп жатыр.

Кейінгі жылдары Астананың жанымыз қалмай, ішегіміз үзілердей болып айдай әлемге айқайлап жүрген «керемет» құрылыстарынан «өрт шығыпты, жеделсатысы істен шығып, опырылып ортасында түсіпті, қисайып қалыпты» дегенді жиі естіп, көретін болдық. Бұл -шетелдік компаниялар салық төлеушілердің ақшасына шенеуніктермен бөлісе отырып салатын, ал, ешбір жұмыс, құрылыс қауіпсіздігі сақталмайтын қауіпті қара жұмысын Қазақстанның әр түкпірінен баратын қазақтың жігіттері мен қыздары істейтін Астана салынған, салынып жатқан құрылыстардың сапасынан сыр берсе керек.

Ең қызығы, Астана - Астана болған соң ба, төбесінен шелектеп су ағып жатса да берілгеніне бес ай да болмаған жаңа ғимараттардың шұрқ-тесігіне, сапасына ешбір адам жауап бергенін естісек, керең болып қалайық.

Десе де, астаналықтар қайғырмай-ақ қойсын, «кереметтер де» қарапайым жұрт емес, «Нұр Отанның» сары лентасымен көзін байлап, айналаға күлімдеп қарайтын жандар ғана тұрады ғой. Әмбесі, Астана күні орыстың әншісі мен әртісін қаздай тізіп, шашқан жемге ата қаздай ертіп келетін Крутойдың «кереметтерін» көрген де төбесін тесік құрылысты тез ұмытасыз. Тек ол күні жаңбыр жаумаса деп тілеңіз...

;hl=ru_RU&rel=0" name="movie" />;hl=ru_RU&rel=0">

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564