Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5543 0 пікір 29 Маусым, 2012 сағат 13:07

Абай орыстарға ой салды

Осыдан біраз уақыт бұрын ресейлік жазушы Сергей Шаргунов Мәскеудегі «Альпина нон-фикшн» баспасы Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағын басып шығаруға дайындап жатқанын хабарлаған еді.

Ал апта басында Абайдың «Избран­­ное» («Таңдамалы») деп ата­латын өлеңдер жинағы сол бас­падан орыс тілінде басылып шықты.
- Кітаптың таралымы - 3000 да­­на, 128 беттен тұра­ды. Мұқабасы қатты және алақанның қалыңды­ғын­дай, - дейді «Альпина нон- фикшн» баспасының бас ре­дакторы Роза Писконтина.
Баспа басшыларының айтуын­ша, Абай Құнан­баев­тың «Таң­дамалысы» ресейліктер арасында үлкен сұ­ра­нысқа ие. Кітап жарыққа шығысымен бүкіл таралым сатылып кеткен. Мәскеу­дің кітап дүкендерін­де аталмыш жинақ 250 рубльден (шамамен 8 доллар) саудаланыпты.
Ұлы ақынның есімі рунет тұ­тынушылары арасында оппозиция жетекшілерінің бірі Алексей На­валь­ныйдың Twitter желісінде Абайды «түсініксіз қазақ» деп жаз­ғанынан бастап кеңінен танымал болған еді. Ақыры Абай орыстарды ойға қалдырып, жаппай оқуға мәжбүр етті.

Гүлбаршын САБАЕВА

«Айқын» газеті

0 пікір