Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Ойдан-қырдан 4622 6 пікір 15 Қазан, 2021 сағат 13:09

Әмпей-жәмпей Қытай-Ресей: АҚШ не істейді?

АҚШ-тың әйгілі RAND әскери қуатты өлшеу және бағамдау корпорациясы Ресей мен Қытайдың әскери күшіне сараптама жасап, «2022 жылы олар өзара одақ құрса, АҚШ әскерінен қуатты бола ма» деген сұраққа жауап іздеді. Зерттеу нәтижелері Мәскеу мен Бейжің өзара әскери одақ құрса да, АҚШ-ты басып озуы мүмкін емес деген қорытындыға келген. 

Баяндаманы әзірлеген сарапшылар Ресей мен Қытайдың өзара әскери әріптестігі АҚШ-тың алдында баланс болуы мақсатындағы әрекет деп түсіндіреді. «Олар дегенмен бір-біріне аса сенім артпайды және әскери қару саласындағы құпияны қатаң сақтауға тырысады», дейді. Баяндамада Ресей мен Қытайдың әскери әріптестік саласындағы байланысы соңғы жиырма жыл ішінде бірнеше есе артып, жаттығулар саны көбейгенін айтады. 2003 жылы Бейжің мен Мәскеу алғаш рет құрлық, әуе, теңіз күштерінің біріккен жаттығуын өткізуі олардың әскери салада АҚШ-қа қарсы әріптестік құратынын нақты көрсеткен болатын.

2012-2017 жылдар аралығында Қытай мен Ресей әріптестік деңгейінен өзара әрекеттесу деңгейіне көшті. Оған Батыс тарапынан адам құқығы бұзу мен агрессиялық саясатқа байланысты салынған санкциялары мен қысымдары әсер еткен болатын. 2014 жылы Ресейге Батыс тарапынан Қырымды отарлап алуына байланысты санкциялар салына бастаған сәтте, Кремль Бейжіңнен қолдау күтіп, саяси бағытын өзгерте бастады. Ол өз кезегінде әскери саладағы әріптестікке де тікелей әсерін тигізді.

2002 жылы Ресей мен Қытай НАТО-ға қарсы тұратынын арнайы құжат арқылы көрсетті. Олар әскери саладағы әріптестік бойынша 15 жылдық жоспар құрды. Онда әскери технологияны беру, әскери технология саласы бойынша лицензия алмасу, бірлескен әскери өндіріс орындарын ашуды қарастырды. Құжатта қай технологияларды алмасу бойынша келісім жасасқаны нақты айтылмаса да, Қытай ресейлік Су-27, Су-30 бен зымыран кешендерінің технологияларын алды. Ал ресейлік мамандар Бейжіңге аттанып, әскери өндіріс ошақтарында қызмет етті.

Зерттеу жұмысын жасаған сарапшылар Бейжің мен Мәскеудің әріптестігі артады деп отыр. Оған дәлел мен себеп те жетерлік. АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарып жатқан сәтте, Ресей мен Қытай ірі жаттығу өткізді. Аталмыш жаттығудың ерекшелігі әскери жаттығу алғаш рет Қытайда болды. Associated Press бұл жаттығуларды «жаңа кезеңнің тұсаукесері», деп жазды.

RAND сарапшылары екі елдің әскери саласындағы әріптестікті әлсіретудің бір жолы екеуіне салынған санкцияларды азайту деп санайды. Себебі санкциялар тығырыққа тірелген екі елді өзара әріптестікке итермелеп отыр деген ойда. Санкциялар азайса, Ресей Еуропамен жақсы қатынас ұстап, Қытаймен байланыс әлсіреуі мүмкін деген жорамалды келтіреді.

«Ресей мен Қытай арасындағы байланысты әлсіретуге бағытталған санкцияларды алу шарасына Вашингтонның бармағаны дұрыс. Онда Бейжің-Мәскеу одағына қарсы қуатты әскери блокты күшейтіп, оған жаңа күштерді енгізу абзал. АҚШ екі елдің бірлескен әскери жаттығулары мен технология алмасуына, бірлескен әскери операцияларына дайын болуы тиіс», - деп қорытындылайды сарапшылар.

Ресей мен Қытай арасындағы байланысты арттыра берудің геосаяси маңызын да атап өтіпті. Ол Қытайдың Қырымды мойындауына әсер ететін әрекеті, Мәскеудің Тайваньды қайтарып алуына көмек көрсетуі арқылы іске асуы мүмкін дейді.

Abai.kz 

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505