Жұма, 19 Сәуір 2024
1963 2 пікір 14 Қазан, 2021 сағат 15:52

Киіктерді қорғау мақсатында қорық құрылмақ

"Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қорығын және "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи қорығы республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" үкімет қаулысының жобасы әзірленді. 

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи резерватын, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек және Казталов аудандарының 314504,1 гектар аумағында құру туралы құжат" делінген әзірленген жоспарда. 

Құжатқа сәйкес қорықта 78 адам жұмыс істеуі тиіс.  Қаулы жобасы 28 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НПА" сайтында орналастырылды. Бұған дейін Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті бұл қорық Орал киіктерін сақтау үшін құрылып жатқанын хабарлаған болатын.

Abai.kz

2 пікір