Жұма, 29 Наурыз 2024
3799 2 пікір 13 Қазан, 2021 сағат 17:22

"Саяси тұтқын" Кенжебек Әбішев қамаудан шықты

13 қазанда "саяси тұтқын" Кенжебек Әбішев түрмеден шықты. Сәрсенбі күні таңертең ерте Заречныйдағы түрме қызметкерлері оны Алматы облысы Жамбыл ауданындағы үйіне жеткізіп тастаған.

– Келетін кісілерден, ақпарат құралдарынан сескенген сияқты. Оның үстіне оларға жоғарыдан бас прокуратурадан комиссия келіп жатыр, - деді түрме әкімшілігінің әрекетіне баға берген Кенжебек Әбішев Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін жергілікті белсенділер Заречный кентіндегі ЛА-155/14 түзету мекемесінің алдынан оны күтіп алуды жоспарлаған. Бірақ белсенділер барғанға дейін оны үйіне алып кеткен.

27 қыркүйекте Қапшағай қалалық соты "терроризмді насихаттады" деген айыппен сотталған Кенжебек Әбішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған. Ол "жазасының" қалған бөлігі яғни, 2 жыл 4 ай 20 күнді бостандығы шектелген күйі өтейді.

Алматы облыстық соты 2018 жылғы 21 желтоқсанда Кенжебек Әбішевті "терроризмді насихаттады" деген айыппен жеті жылға соттаған еді. 2019 жылы апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. 2020 жылғы 13 наурызда Қапшағай қалалық соты жаза мерзімін азайтқан.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Кенжебек Әбішевті саяси тұтқын деп таныған. Қазақстан билігі елде саяси тұтқындар жоқ деп есептейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610