Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3942 6 пікір 12 Қазан, 2021 сағат 13:22

Он жылдан кейін не болар екенбіз?

Бүгін Киевте Украина - Еуроодақ Саммиті өтеді.
Онда екеуара қарым-қатынас толық ревизия жасалатын болады, Украинаның жалпы еуропалық перспективасы қуатталады.

Саммитте "ашық аспан" Келісіміне қол қойылады. Бұл Украинаға жаңа лоукост-әуежолдарын ашып, пассажир ағынын күшейтеді, ол өз кезегінде экономиканы көтереді, туризм саласы дамып, билет бағасы арзандайды.
Келісім сондай-ақ ішкі әуежолдары нарығына кейбір шектеулерді алып тастайды, оны ЕО нарығымен байланыстырады. Украина өзіне ЕО-ның авиациялық стандарттарын қабылдауға міндеттенеді және бұдан былай еуропалық авиация ережелерімен жүретін болады (сақтандыру төлеу, компенсациялар).

Еуроодақ Украина үшін 6,5 млрд еуро инвестициялық пакетті іске қосады.
Сондай-ақ антикоррупциялық заң мен сот реформасын неліктен саботаж жасап жатқандығы туралы Украинадан қатаң сұралатын болады.
Көріп отырғанымыздай, басқа елдер мысықтабандап дамып жатыр, қызыққаннан ішің удай ашиды. Ал біз не істеп отырмыз? Ресей болмаса өле қалатындай, содан қорыққандықтан алдымыздағы асымызды да дұрыс іше алмай отырмыз. Не болар екенбіз? Мысалы он жылдан кейін?

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

 

6 пікір