Жұма, 19 Сәуір 2024
2545 4 пікір 12 Қазан, 2021 сағат 12:48

2021 жылы елімізге қанша қандас келген?

Жыл басынан бері 14358 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Министрлік 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллион 84 мың этникалық қазақтың оралғанын айтады. Этникалық қазақтардың басым бөлігі биыл Өзбекстаннан келген - 76,3 пайыз, 9,4 пайызы Қытайдан, 6,4 пайызы Түрікменстаннан, 2,5 пайызы Моңғолиядан және 5,4 пайызы басқа елдерден қоныс аударған.

Қандас мәртебесін алғандардың ішінде қоныс аударушылардың 55 пайызы еңбекке жарамды, 27,9 пайызы еңбекке жарамды жастардан кіші және 17,1 пайызы зейнеткерлер. Білім деңгейі бойынша еңбекке жарамды үміткерлердің 11,1 пайызы жоғары білімді, 39,8 пайызы орта, 45,5 пайызы жалпы орта және 3,6 пайызының білімі жоқ.

Abai.kz

4 пікір