Сенбі, 20 Сәуір 2024
2907 1 пікір 8 Қазан, 2021 сағат 14:35

Қауіпсіз елдер рейтингі: Қазақстан 98-орында

Numbeoда 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша ең қауіпсіз елдерінің рейтингі шықты. Ол бойынша Қазақстан 137 елдің ішінде 98-орынға жайғасты.

Бұл рейтингте елдің индексі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол қауіпсіз деп саналады. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанды басып озған елдердің ішінде Армения (10-орын), Әзербайжан (34-орын), Өзбекстан (37-орын), Ресей (52-орын), Молдова (76-орын), Украина (81-орын) алды. Ал Қырғызстан (107) мен Беларусьтің (114) позициясы Қазақстан Республикасынан нашар болып отыр.

Катар рейтингте көш бастап тұрған ел. Екінші орында БАӘ, Тайвань (3-ші орын), Мэн аралы (4-ші орын), Оман (5-ші орын), Швейцария (6-шы орын), Гонконг (7-орын), Жапония (8-орын), Словения (9-шы) және Армения. Ең қауіпсіз ел болып 137-ші орында Венесуэла тұр.

Abai.kz

1 пікір