Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
3618 1 пікір 7 Қазан, 2021 сағат 12:54

ДДСҰ өкілі: Қазақстан аймақта үздік болып қалуда

"Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекциялардың алдын алу мен бақылау жөніндегі нұсқаулықтары мен құралдарын аймақта қолдану бойынша үздік болып қала береді", - деді ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілі. 

"Мен Қазақстанның инновациялық рөлін атап өткім келеді. Жаңа тәсілдерді енгізу өте қиын. Дегенмен, мен Қазақстанның бұл міндетті орындаудағы маңызды жетістігін атап өткенді жөн санаймын. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекциялардың алдын алу және бақылау жөніндегі нұсқаулықтары мен құралдарын аймақта қолдануда үздік болып қала береді. Қазақстан біздің сарапшылармен бірге халықаралық ұсыныстарға сәйкес COVID-19 инфекциясының алдын алу бойынша ұлттық нұсқаулықтарды енгізген ел болуда. Осылайша, Қазақстан Орталық Азиядағы бұл шараны 2020 жылы аяқтаған бірінші ел болды", - деді ДДСҰ өкілі Кларинваль.

ДДСҰ өкілі денсаулық сақтау министрлігіне, ғылыми ортаға және медицина мамандарына пандемияға қарсы ғылыми дәлелдерді қолданғаны үшін ризашылығын білдірді.

Abai.kz

1 пікір