Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2654 0 пікір 6 Мамыр, 2012 сағат 07:52

Өскеменде мамандандырылған медициналық кешен «көшіп» жүреді

Жақында Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин телефон шалып,қуанышын хабардар етті. «Құны 85 миллион 500 мың теңге тұратын жылжымалы мамандандырылған медициналық кешен «КамАЗ» көлігіне арнайы жабдықталған,оны республикалық бюджет өз қаржысына сатып әперді. Өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлы дәрігерлік кешеннің облыстың барлық аудандарында болуына ықпал етуде. Бұл кешен дәрігерлік қызмет көрсетуді Кеңсай ауылдық округынан бастады. Жарсу,Саржыра ауылдарының тұрғындары да өз денсаулықтарын тексертеді. Бүкіл аудан халқы өңір басшысы Б.Сапарбаевқа алғысын білдіруде» дейді аудан басшысы.

Кешен құрамындағы балалар дәрігері,басқа мамандық иелері жерлестеріне қызмет көрсетіп, түрлі анализдерді жасап береді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір