Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3582 7 пікір 4 Қазан, 2021 сағат 12:38

Үлгі алғанға не жетсін, қазақтар!

Жапония - автоиндустриясымен, электронды техникаларымен, жеңіл өнеркәсібімен әлемді аузына қаратып отырған ел. Бірақ Үкіметі жұмыстарынан сәл кемшілік байқаса болды, халқынан иіліп тұрып кешірім сұрап, отставкаға кетеді.

Қандай үлкен мәдениет!
Мына Есихидо Сугоның алдындағы Премьер-Министр де "денсаулығым сыр беріп жүр" деп отставкға кеткен. Енді бұл да екі жыл болмай жатып отставкаға кетті.

Жапонияда соңғы кезде жұқпалы "Ковид-19" ауруы өршіп, дельта-штамм жиі анақтала бастаған. Олимпиада өткізген елде бұлай болуы бір жағынан заңды сияқты.

Бірақ ұяты бар Үкімет басшысы елді басым еңкейгенше басқара берем деп отырып алған жоқ. Оның Премьер-Министрдің креслосында әлі де отыра беруіне шансы бар еді. Бірақ ол оған қатысудан өзеркімен бас тартты.
Жапнония Үкіметі сөйтіп түгелімен отставкаға кетті.

Автокөліктері мен электронды техникаларына, жеңіл өнеркәсібіне сүйсіне бермей, жапон шенеуніктерінің осындай ішкі мәдениеттерін де, адами қасиеттерін де мойындап, үлгі алғанға не жетсін, қазақтар!

Көсемәлі Сәттібайұлы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541