Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 4329 1 пікір 1 Қазан, 2021 сағат 17:01

Футзал: Қазақстан Португалияға жол берді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Литвадағы әлем чемпионатының жартылай финалында Португалиядан жеңілді. Бұл туралы prosports.kz сайты мәлімдеді.

Литваның Каунас қаласында өткен кездесуде әлем чемпионатының жартылай финалына алғаш шыққан Қазақстан мен 2016 жылғы Еуропа чемпионы Португалия құрамалары ойнады.

Бірінші таймда португалиялықтар көбірек соққы жасады. Бірақ Қазақстан шабуылдары қауіптірек көрінді. Мысалы, Тайнанның қайшылай тепкен соққысы қақпа маңдайшасын теңселтті. Кейін Біржан Оразов та әдемі комбинацияны голға айналдырмақ болған, алайда португалиялықтарды қақпа бағанасы құтқарып қалды. Оның алдында Оразовтың голын төрешілер есептемей қалғанын айта кеткен жөн.

Екінші тайм Кака шәкірттері үшін сәтсіз басталды. Варела Қазақстан қақпасының маңында қараусыз қалып, жақын бұрышты дәл көздеді. Кейін Қазақстан көбірек допқа иелік етіп, есепті теңестіруге тырысты. Сондай шабуылдардың бірінде Игитаның соққысы тағы да бағанаға тиді.

Әйтсе де, Қазақстан құрамасының шабуылдары жеміс әкелді. Кездесудің бітуіне 40 секундтай қалғанда Дәурен Нұрғожин гол соғып, таразы басын теңестірді.

Ал овертаймның басында қазақстандықтар алға шықты. Дуглас айып соққысын орындап, дәл соққы жасады. Бірақ қазақстандықтар бұл есепті ұстап тұра алмады. Овертайм аяқталар тұста поругалиялықтар есепті 2:2 қылды. Кейін пенальти сериясында Португалияның соққылары дәл болды.

Енді Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола медалі үшін Бразилиямен күш сынасады. Ал финалда Аргентина мен Португалия құрамалары кездеседі.

Әлем чемпионаты – 2021. Плей-офф. 1/2 финал.

Португалия – Қазақстан 2:2 (0:0)

Пенальти сериясы - 4:3.

Голдар: Пани 23, Коэлью 40+9 – Нұрғожин 40, Дуглас 40+2.

Португалия: Бебе (Қ), Сесилиу, Коэлью, Матуш, Рикардинью (К); Андре, Паку, Афонзу, Зики, Эрик, Пани, Бриту, Кастру, Угу.

Қазақстан: Игита (Қ, К), Тайнан, Нұрғожин, Ақбалықов, Дуглас; Атантаев (Қ), Қарағұлов, Валиуллин, Оразов, Есенаманов, Кнауб, Тұрсағұлов, Тоқаев, Сарбасов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616