Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
5659 11 пікір 26 Қыркүйек, 2021 сағат 19:54

Путин "Байқоңыр" жайлы сөз қозғады

Ресей басшысы Владимир Путин Ресейдің ғарыш саласын дамытуы мен өз ғарыш айлағын салуға қатысты сөз қозғады. Ол Қазақстан жайлы да айта кетті. 

"Әрине біз Қазақстанмен әріптес болдық әрі оны жалғастыра береміз. Алайда қанша стратегиялық өзара міндеттемелерге қарамастан Қазақстан басқа ел, басқа мемлекет. Сондықтан біз Қиыр Шығыста заманауи ғарыш айлағын салып жатырмыз. Нағыз заманауи", - деді ол Мемдума депутаттарымен кездесу барысында.

Путиннің пікірінше ғарыш айлағы нағыз халықтық жоба. Жоспар бойынша Ресей өзінің ғарыш айлағын салған соң, Байқоңырдан ұшулар 7 есе азаюы тиіс.

Abai.kz

11 пікір