Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3369 0 пікір 26 Қыркүйек, 2021 сағат 19:44

Тәлібтер: Бізге 20 ай уақыт беріңдер

Ауғанстанды басып алған "Талибан" қозғалысы әлемдік қауымдастыққа өздеріне уақыт беріп, жылдам шешім шығармауын сұрады. 

Аталмыш үндеуді Ауғанстанның уақытша үкіметінің экономика министрі Кари Дин Мохаммад Ханиф жасады. Оның ойынша жаңа билікке баға беру үшін кемі 20 ай уақыт қажет. Ол тәлібтерге сырттан қандай да бір көмектің қажет еместігін де айта кетті.

"Біз әлемнен бұрынғы режим сияқты көмек сұрамаймыз. Әлемдік қауымдастық бұрынғы режимге 20 жыл бойы көмектесіп келді. Алайда олар жеңіліс тапты. Әлем бізге 20 ай уақыт берсін, содан кейін біздің жетістікке жеткеніміз немесе кері кеткеніміз жайлы айтсын", — деді ол.

Тәлібтер билікке келгелі бері Ауғанстан халқы үлкен қиыншылықтарға тап болып, азық-түлік тапшылығы байқалуда.

Abai.kz

 

0 пікір