Жұма, 19 Сәуір 2024
3295 4 пікір 26 Қыркүйек, 2021 сағат 19:37

БҰҰ басшысы: Әлем ядролық соғыс алдында тұр

Адамзат ядролық соғыс алдында тұр. Бұл туралы сенбі күні БҰҰ басшысы өзінің Твиттер парақшасында жазды. 

"Әлемде 14 мыңға жуық ядролық бомба мен зымырандар бар. Адамзат ядролық соғыстың алдында тұр. Ядролық қарудың көзін жойып, қауіп бұлтын сейілтіп, әлемде сенім мен келісім дәуірін бастаудың уақыты келді", - деп жазды Гутерриш.

26 қыркүйек ядролық қарудың жою бойынша күрес күні. Аталмыш ұсыныстарға қарамастан әлем елдері әлі де ядролық соғыстың алдында тұр. Мысалы күні кеше Қытай АҚШқа бірінші болып ядролық соққы жасау ққұқығына ие екенін мәлімдеді.

Abai.kz

4 пікір