Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 4069 10 пікір 24 Қыркүйек, 2021 сағат 19:41

Мемлекеттік тілді меңгерудің деңгейлері жасалса...

Кейінгі кезде Қазақстанда мемлекеттік тілге қатысты мәселелер қайта жандана бастаған сыңайлы. Тіпті арнайы заң жобасын жасау да қолға алынып жатыр деп естиміз. Ал осындайда шетелдік тәжірибелер ескерілсе құба құп болмақ.

Батыста Шет ел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзіреті (CEFR – Common European Framework of Reference) дейтін шет ел тілдерін меңгеру деңгейлерінің жүйесі жұмыс істейді. Ол Еуропалық одақта тілдерді үйрену, үйрету және бағалау бойынша негізгі өлшем болып табылады. CEFR барлық еуропалық тілдерге қолдануға болатын үйрету мен бағалау әдістерін ұсынады.

Бүгінгі таңда CEFR жүйесі бойынша шетел тілін меңгерудің алты деңгейі бар. Әрқайсысына шет ел тілінде белгілі бір ауызша және жазбаша қалыптасқан тілдік дағды мен жазбаша мәтіндерді түсіну деңгейі сәйкес келеді. Қазір бүкіл дүние жүзі осы өлшемдермен жұмыс істеуге көшуде.

Бұрын шет ел тілін меңгеру деңгейі төрт деңгейде бағаланса қазір ол алты деңгеймен өлшенеді. Олар:

А1 – бастапқы

А2 –ауызша, элементарлық

B1 – орташа,

B2 – орташадан ілгері

C1 – ағып тұрған

C2 – жетік.

Осындай жүйе АҚШ-та IELTS /TOEFL, Францияда DELPH, Кореяда TOPIC, Түркияда TOMER, YOS деп аталады.

Осы мысалдарды келтіруімнің себебі Қазақстанда қазақ тілін үйренудің осындай жүйесі неге жасалмасқа? Мемлекеттік қызметке тұрғысы келген адам мемлекеттік тілден емтихан тапсыру кезінде осындай бағалау жүйесінен өту керек.

Қазақстанда тұрып жатқан әр бір адам мемлекеттік тілді А1 деңгейінде білуі міндетті болып табылады. Шетелден келіп Қазақстанда тұрғысы келген, жұмыс істегісі келген адам қазақ тілін ең болмаса элементарлық деңгейде білуге тиіс.

Тілдік тұрғыда әлемдік стандарттарға көшу бұл мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға айтарлықтай септесер еді.

Марат Байділдәұлының жазбасы

Abai.kz

10 пікір