Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3127 2 пікір 24 Қыркүйек, 2021 сағат 13:00

«Самұрық-Қазынада» қанша ақша бар?

6 айдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында таза табыс 809 млрд теңгені құрады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Қорының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева мәлімдеді.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,5 есеге артық. Ал, жоспар бойынша таза табыс 217 млрд теңге болады деп болжанған.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында қаржылық көрсеткіштер 2021 жылдың бірінші жартысына белгіленген жоспардан тыс орындалып, 2020 жылдың көрсеткіштерінен асып жығылды.

Компаниялар тобының операциялық кірісі 2021 ж. қаңтар-маусым аралығында 817 млрд теңгені құрады. Бұл жоспарлы межеден 456 млрд теңгеге артық.

Алдын ала бағалау бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық таза табыс 1,195 млрд теңге болады деп болжануда. Яғни, пандемияға дейінгі 2019 жылдың көрсеткіштеріне жуық және 2020 жылдың нәтижелерінен екі есе артық.

Қаржылық көрсеткіштердің оңалуына мұнай бағасының орташа есеппен барреліне 67$ дейін өсуі, мұнай өңдеу көлемінің 13%-ға ұлғайуы, электқуатын өндіру мен тасымалдау көлемінің 22% және 20%-ға артуы, жүк тасымалының 3% арта түсуі және контейнерлік транзиттің 32% ұлғайуы ықпалын тигізген.

Биылғы жылы жолаушылар тасымалында да көрсеткіштердің жақсарып келе жатқаны байқалып отыр. Темір жолмен жолаушылар тасымалдау 46% арта түсті. AirAstana мен Qazaq Air 8 айдың қорытындысы бойынша былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 есе көп жолаушы тасымалдады.

Abai.kz

2 пікір