Жұма, 29 Наурыз 2024
3081 20 пікір 24 Қыркүйек, 2021 сағат 12:05

АҚШ Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі

АҚШ бизнесі Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясына қатысу аясында Нью-Йоркте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастыққа мүдделі АҚШ-тың ірі компанияларымен дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстандық министр Қазақстан Республикасы Үкіметінің ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі, машина жасау, химия, металлургия, мұнай өңдеу, IT, көлік және логистика сияқты басым секторларға ТШИ тарту үшін барлық қажетті жағдай жасауға дайын екендігін растады.

М.Тлеуберді сонымен қатар американдық «Tyson Foods», «Valmont», «Agro Solutions Group», «Morgan Stanley» және «City Group» компанияларының басшылығымен бірқатар жеке кездесулер өткізді.

АҚШ - Қазақстанның ірі экономикалық серіктестері мен инвесторларының бірі. Бүгінде Қазақстанда машина жасау, химия, құрылыс, мұнай-газ секторында, сондай-ақ IT-платформалар мен басқа да алаңдарда 500-ден астам американдық компания жұмыс істейді. 2005 жылдан бастап Қазақстан экономикасына тартылған американдық инвестициялар көлемі 45 млрд АҚШ долларынан асты.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553