Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәдениет 2697 2 пікір 23 Қыркүйек, 2021 сағат 18:54

Almaty.tv: жаңа маусымда қандай жаңалықтар бар?

23 қыркүйекте «Алматы» телеарнасы жаңа маусымның тұсаукесерін өткізді. «Алматының» жаңа маусымында қандай жаңалықтар бар? Қараңыз:

Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихының сырын ашатын «Алматы: Тәуелсіздік белестері» атты деректі фильмде белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, педагогтар мен қоғам белсенділері мемлекеттің қалыптасуындағы айтулы оқиғаларға тоқталып, ой бөліседі.

Телеарнадағы ерекше жобалардың бірі «TikTok House» ситкомы. Бірнеше апта бұрын көрерменге жол тартқан сериал адамгершілік пен достықтың әр кез жоғары тұратынын жастарға жеткізеді. Кейіпкерлердің мінез-құлқы әр түрлі. Десе де олар өзара байланыс орнатып, бір-біріне көмектесіп, тіпті ғашық та болады.

Жаңа маусымның тағы бір жарқын жобасы: ол – қазақ халқының ұлы перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловқа арналған «Қызыл жебе» деректі  фильм топтамасы.

Сонымен қатар, алдағы уақытта көрермен көзайымына айналған бірнеше телехикаяның екінші маусымы жалғасын табады.

«ӨТКІНШІ ЖАҢБЫР» телехикаясы бұл маусымда екі тілде ұсынылады. Осы жолы кейіпкерлер мүлдем басқа кейіпке енеді.

«DiNaZaur» сериалы да жалғаспақ. Отбасылық құндылықтар, шынайы достық бұл жолы да осы фильмнің өзегі болып табылады.

Тәуелсіздік жетістігін насихаттайтын жаңа жоба – «Бақыттымын өзіңмен» драмасы. Романтика әрі комедия элементтері көрініс тапқан телехикая бір қаладағы бірнеше кейіпкердің өмірі арқылы Қазақстанның 30 жыл аралығындағы дамуын, қиын-қыстау кезеңді, махаббат пен үмітті сипаттайды.

 

«Бапкер» – осы жылдың қараша айында шығатын жаңа спорттық драма. Қазақстан кинематографиясы үшін жаңалық. Сериал шынайы оқиғаларға негізделген. Телехикая Алматының «Қайрат» футбол клубының үміт күттірген ойыншысы Ерназар Смақов жайында.

Телеарнадағы маңызды бағдарламалардың бірі – «IQ Almaty» зияткерлік жобасы. Студенттер мен оқушыларға білім нәрін сіңіру, топта бірге жұмыс істеу, логикалық және шығармашылық ойлауды дамыту, есте сақтау мен зейінді жаттықтыру бағдарламаның негізгі мақсаты. Жобада қоғам қайраткерлері, Қазақстанның эстрада жұлдыздары, ғалымдар мен телеарна өкілдері төрелік етеді. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ең білімді жастар бас жүлде 2 000 000 теңгені қанжығалайды.

 

Сондай-ақ, «Almaty TV» телеарнасы күнделікті жаңалықтар мен арнайы репортаждарды, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен деректі фильмдерді, ток-шоу мен телехикаяларды, танымдық және ойын-сауық бағдарламаларын ұсынатын «Almaty TV+» мобильді қосымшасын іске қосты. «Almaty TV +» қосымшасын телефон немесе планшетке жүктеп алуға болады.

 Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541