Жұма, 29 Наурыз 2024
Ақмылтық 4988 24 пікір 22 Қыркүйек, 2021 сағат 11:10

Тәшеневке «Халық қаһарманы» атағын беретін кез келді

Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.К.ТОҚАЕВ мырзаға хат

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақстан мемлекетінің іргетасын қалаған Алаш Азаматтарының аруағы ардақтала бастағанына, республика астанасында жарасымды ескерткіштері орнатылып жатқанына бек қуаныштымыз!

Ұр да жық Хрущевтың пасық пиғылына жанпидалықпен қарсы тұрып, «Тың өлкемізді» Ресейге бергізбей, қазақ жерін алдағы уақытта бөлшектелу қаупінен аман сақтап қалған ұлы тұлға Жұмабек Тәшенев ағамызға Елордада ескерткіш қойылғанын естіп, көріп және бір шаттандық!

Осы орайда жазылған бұл хатымыз – Жұмабек Тәшенев марқұмға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағын беру әбден жөн болар еді деген тілегіміз.

Қазақтың Жұмабек Тәшеневтен аяры болмаса керек! Сіздің қолдайтыныңызға сенімдіміз!

Екінші жәйт: Хрущевтың Маңғыстауды Түрікменстанға беруіне қаймықпай қарсы шығып, дайындалған құжатқа қол қоймаған Шаһмардан Есенев марқұмның атын Елораның көрнекті бір алаңына, көшесіне немесе Жоғары оқу орындарының біріне беруді де ескеріңіз!

Мыңбай Рәш,

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,
Қазақстанның Құрметті жазушысы

Уахап Қыдырханұлы,

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы,
тарихшы, аудармашы

Ғаббас Қабышұлы,

Халықаралық әдеби «Алаш» силығының иегері,
Қазақстанның Құрметті журналшысы, жазушы, аудармашы

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604