Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 1653 0 пікір 21 Қыркүйек, 2021 сағат 11:34

Игорь Мұсалимов Парламентаралық Ассамблеядағы өкіл атанды

Мәжіліс және Сенат Бюросы өз отырыстарында ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясындағы өкілетті өкілі лауазымына Игорь Мұсалимовтың кандидатурасын бекітті.

Игорь Мұсалимов дипломатиялық жұмыста тәжірибесі мол, Қазақстанның Беларусь, Литва, Чехия, Грузия, Молдовадағы дипломатиялық өкілдіктерінде жұмыс істеген. 2019 жылғы маусымнан бері ҚР Сыртқы істер министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі.

Айта кету керек, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрамына кіретін әрбір Парламент ТМД ПАА Кеңесінің Хатшылығына тұрақты негізде жұмыс істейтін өзінің өкілетті өкілін жібереді.

Abai.kz

0 пікір