Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
5764 17 пікір 20 Қыркүйек, 2021 сағат 19:18

Алматыда атыс: 5 адам қаза тапты

Алматыда атыс болып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 қыркүйекте, сағат 17.00-де  "Ақбұлақ" шағын ауданында атыс болды.

Үйден шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны - 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған. Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды.

Күдікті ұсталды. Жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қаза тапқан полиция қызметкерлері:

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы 1982 жылы туған.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы 1988 жылы туған.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахмановтың айтуынша, оқ атқан адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Екі немесе одан да көп адамға қатысты кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Күдікті арнайы жасақтың қатысуымен ұсталды. Қару қолданылмаған, өйткені үйде әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар болған.

Қазір оқиға орнын полицейлер қоршап алды. Тұрғындар мен азаматтарға ешқандай қауіп жоқ»,- деді Әбдірахманов.

Сондай-ақ, ол ер адамның аңшы мылтығынан оқ атқанын атап өтті.

Abai.kz

17 пікір