Жұма, 29 Наурыз 2024
3391 0 пікір 20 Қыркүйек, 2021 сағат 15:03

Масуд Ауғанстанда қауіпсіз жерге бекінді

Ұлттық қарсылық майданының басшысы Ахмад Масуд Ауғанстанда қауіпсіз жерге бекінді. Бұл туралы Майдан өкілі Әли Майсам Назари жексенбі күні кешке Би-Би-Сидің парсы қызметіне хабарлады. Майдан жетекшісі қай жерде екенін ол айтпады.

Ахмад Масудтың көпшілік алдына шықпағанына бірнеше күн болды. "Талибан" қозғалысы күштерінің Панжшерге ауқымды шабуылынынан соң ол бірнеше мәрте аудиоүндеу таратқан. Масудтың қайда екені қауіпсіздік мақсатында айтылмай отыр, дейді Әли Назари.

Майданның баспасөз хатшысы Фахиш Дашти өлімінен соң қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Мәліметтерге қарағанда, хатшының телефоны арқылы оның қайда екені анықталып, сол жерге зымыранмен соққы жасалған.

Әли Майсам Назаридің Би-Би-Сидің парсы қызметіне хабарлауынша, Панжшердегі аудандардың дені майдан күштерінің бақылауына өткен. 6 қыркүйекте тәліптер Панжшерге бақылау орнатқанын хабарлаған. Алайда, Әли Назаридің айтуынша, "Талибан" содырлары ортақ жолды ғана бақылауға алған, қалған жерлер Ахмад Масуд күштеріне бағынады.

Панжшер – тәліптерге бағынудан бас тартқан жалғыз ауған провинциясы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590