Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2352 0 пікір 20 Қыркүйек, 2021 сағат 15:01

Пермьде атыс болып, бірнеше адам оққа ұшты

Дүйсенбі күні таңертең белгісіз біреу Пермь мемлекеттік университетінде адамдарға оқ атты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірнеше адам қаза тапты.

Телеграм-арналарда адамдардың ғимарат терезелерінен секіріп жатқаны бейнеленген видеолар тарады.

Университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында ғимаратта қалған адамдарға жабық бөлмелерге тығылу керектігі туралы үндеулер жарияланды.

Кейін РБК дереккөзі атқыш ұсталғанын хабарлады. Мәліметті университеттің баспасөз қызметі растады. 112 телеграм-арнасы шабуыл жасаған адамды өлтіргенін хабарлады.

59.ru басылымы ВКонтакте желісінде шабуыл жасаған адамның жазбасын тапқан. 18 жастағы жігіт шабуылға ұзақ дайындалғанын айтқан.

"Дождь" телеарнасының хабарлауынша, Пермь университетіндегі шабуылдан 19 адам зардап шегіп, сегіз адам қаза тапқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513