Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2519 1 пікір 16 Қыркүйек, 2021 сағат 13:00

Түрік азаматы: Алматы әуежайының президенті тағайындалды

Альп Ер Тұңға Ерсой "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы хабарламада айтылған.

"Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі шешімімен атқарушы органның құрамына келесі өзгерістер енгізілді: Еркал Кадри Мете - президент қызметінен алынды, Альп Ер Тұңға Ерсой президент болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес, Альп Ер Тұңға Ерсой TAV Қазақстанда 2021 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді. Бұған дейін ол TAV Urban Georgia (Грузия) компаниясында жоғары лауазымды қызмет атқарған. 12 жыл TAV Македонияда жұмыс істеген. Ал бұған дейінгі басшы Кадри Мете әуежай президенті лауазымында мамыр айында ғана тағайындалған болатын.

Abai.kz

1 пікір