Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Кеше мен бүгін 4040 5 пікір 15 Қыркүйек, 2021 сағат 16:49

30 жыл: Қазақ жерін казактан қорғап қалдық

1991 жылы 15 қыркүйекте Оралда қазақ жерінің тұтастық мәселесі шешілді. Өйткені дәл осы күні қазақ ұлтшылдары мен патриоттары еліміздің бірқатар аймағын бөліп алуды ойлаған сепаратистік пиғылға оңдырмай соққы берді. 

Орал оқиғасы Кеңес Одағы ыдыраған кезеңмен тұспа тұс келді. Посткеңестік кеңістікте түрлі этникалық, діни қақтығыстар болып жатты. Дағдарыстан әлсіреген аймақтарда сепаратизм бас көтере бастады. 1989 жылы ресейшіл күштер Приднестровьені іс жүзінде Молдовадан бөліп алды. Қазақстанда да 90-жылдары "қазақтың жері жоқ, оның басым бөлігі орыс пен казакка тиесілі" деген сарындағы мақалалар мен ақпараттарды таратушылар саны көп болды.

1991 жылы Оралда казактар Ресей империясына қызмет етуінің 400 жылдық мерейтойын жасамақ болды. Оған тек қана Қазақстандағы казактар ғана емес, жалпы ТМД аймағының казактары шақырылды. Ресейден белді казак атамандары құрметті қонақ болуыға тиіс еді. Олардың арам пиғылдарын ұлтшыл қазақ жастары бірден сезді. "Азат" қозғалысының жігіттер Қазақстанның түкпір-түкпірінен қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу керектігі жайлы үгіттер жүргізе бастады. Қазақ ұлтшылдарының күдігі рас еді. . Концерт қоямыз деп жиналған залда казактар "Оралды Ресейге қосу мәселесін" талқылап жатқан болатын. 15-қыркүйек күні бұл жымысқы жоспардың қазақ жастары тас-талқанын шығарды. Оралдың алаңында саппен жүріп өтпек болған казак жігіттері арнайы автобустарға отырып, қаладан қашып шықты. Басым бөлігі Ресейге өтіп кетті.

Алайда араға 30 жыл салған уақыт өтсе де, "Орал оқиғасы" әлі толық зерттеуді қажет етеді. Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалған айбынды жігіттер мен қыздар жайлы биік мінберлерден айтылмайды.

Abai.kz

5 пікір