Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
1865 0 пікір 14 Қыркүйек, 2021 сағат 13:41

Біртановтың үйқамағы ұзартылды

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының соты Талғат Ақшабаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа үйқамақты ұзартты.

Сот отырысы барысында прокурор Төлеген Жараспаев ағымдағы жылдың 7 шілдесінде қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғанын, процеске қатысушылардың қылмыстық іс материалдарымен танысу сатысында тұрғанын еске салды.

Қылмыстық істің өзі, оның айтуынша, 133 томнан тұрады. Олар заттай айғақтар, фонограммалар және басқа материалдарды құрайды.

"Үйқамақ мерзімі 14 қыркүйекте аяқталады. Осыған байланысты мен қылмыстық қудалау органдарының өтінішін қанағаттандыруды және үй қамауда ұстау мерзімін екі айға, яғни 2021 жылдың 14 қарашасына дейін ұзартуды сұраймын", - деді Жараспаев.

Сот Талғат Ақшабаев өз кезегінде тергеу органдарының мерзімді екі айға ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Abai.kz

0 пікір