Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021
2448 14 пікір 14 Қыркүйек, 2021 сағат 13:32

Ресейшіл Қазақстан: қайда барамыз?

Қазақстан тәуелсіздік тізгінін алған сәтте өзінің әлемдік саясаттағы бағытын көпвекторлы деп айқындаған болатын. Біз сыртқы саясата ешбір мемлекетті жау санамаймыз, біздің ұлттық мүддемізге сай олармен қарым-қатынас ұстап, өзара сауда, экономика, әскери, мәдени байланысты арттырамыз деп айқындаған едік. 70 жыл бойы КСРО құрамында болып, әлемдік екі блоктың айқасының куәсі болған Қазақстан үшін, бұл шешім маңызды. Алайда көпвекторлы саясатты ұстау және күш балансындағы тепе-теңдік мәселесін таразыда жүйелеу геосаяси кикілжіңдерге байланысты жыл өткен сайын қиындап бара жатыр. Сонымен, Қазақстан көпвекторлы ма? 

Кез келген мемлекеттің сыртқы саясатын анықтайтын басты фактор ол сауда қатынасы болып табылады. Сауда байланыстары аз мемлекеттерді өзара тығыз байланыста деп айту қиын. Қазақстанның сауда қатынасына назар аударатын болсақ, еліміздің басты экономикалық серіктестігі Ресей болып қалуда. Оның сауда қатынасындағы үлесі 20,1%-ды құрайды. Артынша Қытай тұр, оның үлесі 18,0%. Италия, Оңтүстік Корея мен Нидерланды елдері де бастапқы бес серіктес қатарында. Ал АҚШ тіпті алғашқы он серіктес елдің ішіне де кірмейді. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан Ресей мен Қытай нарығына басымдық беретінін түсінуге болады. Оны шекараның тиіп тұруы мен саяси байланыстың тереңдігі арқылы сипаттаймыз. Яғни Қазақстан үшін басты экономикалық серіктес ол - Ресей.

Экспертное мнение: Без импорта внутри ЕАЭС нам практически нечего друг другу предложить, но протекционизм дает шанс на выживание местным производителям

Бұл байланыстың үлесі арта беретін борлады. Себебі Қазақстан Ресеймен бір экономикалық одақта. Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдердің ішінде Ресейдің салмағы басым және пайданың 90%-дан астамын да Мәскеу алып отыр. Экономикалық одақ оқтын-оқтын саяси сипат алуға тырысып жатыр. Мысалы бірнеше мәрте ортақ Парламент құру идеясы сарапшылар деңгейінде айтылып та қалды. 2025 жылға дейін бағдарламаларды бекітіп алу мәселесі іске асуда. Одақта елдердің өзара қарама-қайшылығы да жоқ емес. Әсіресе шекаралық аймақтарда жүк көліктерін өткізбеу мәселелері жиі туындауда. Яғни экономикалық одақтың ішінде өзара келіспеушілік жетерлік. "Одақ арасындағы қарама-қайшылықтарды шешудің бірден бір жолы ол ортақ валюта енгізу" деп Кремль саясаткерлерінің айтып жүргеніне біраз болды. Алайда ортақ өгізден, оңаша бұзау артық дегендей, ортақ валюта ел тәуелсіздігін шайқау екені анық. Оған Қазақстан билігі әзірге табанды қарсылық көрсетіп келеді.

ПИР-Центр

Әскери тұрғыдан да Ресеймен байланыс тығыз және сөзсіз бұл салада Қазақстан Мәскеуге тәуелділігі артып келеді. 1992 жылы 15-мамырда ТМД елдерінің бірқатары ұжымдық қауіпсіздікке байланысты шартқа қол қойып, ҰҚШҰ ұйымы құрыла бастады. Ұйымның басты мақсаты ортақ қорғану, терроризммен бірлесе күрес мәселесі. Бүгінде ұйымға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Армения мүше. Өзбекстан да ұйым құрамында болған, алайда ортақ қорғаныс шартынан бас тартып, шығып кетті. Артынша Өзбекстан Конституциясына әскери базаларды кіргізбеу және әскери ұйымдарға мүше болмау туралы бап енгізді. 2021 жылы Өзбекстанға ҰҚШҰ ұйымына қайта кіру туралы ұсыныс тасталған сәтте, Ташкент бас тартып, Конституцияға сүйенді. Осылаша ҰҚШҰ құрамында Қазақстан қалып отыр. Ауғанстандағы жағдайға байланысты ҰҚШҰ-ны күшейту, Орталық Азиядағы әскери ықпалын Ресей арттыру мәселелері де көтеріліп жатыр. Тәжікстандағы Ресейдің әскери базасы күшейтілді, бұл дегеніміз тұтас аймақтағы Ресейдің ықпалы арта түсті дегенді білдіреді.

Қосымша Қазақстанда Ресейдің бірнеше сынақ алаңы мен әскери нысандары барын да естен шығармауға тиіспіз. Бүгінде Ресей мен Беларусь бірлесе ұйымдастырып жатқан "Батыс-2021" жаттығуына Қазақстан да қатысып жатыр. Ал аталмыш жаттығудың мақсаты НАТО-ға қарсы бағытталған. Жазда Қазақстанда коронавирустық шектеулерге байланысты АҚШ ұйымдастырған "Дала қыраны" жаттығуының өтпей қалуы да үлкен месседж жатқандай.

Реальной альтернативы Байконуру до сих пор нет» – Огонек № 25 (5620) от 29.06.2020

Қазақстан Ресейге тұтас бір қалашықты жалға беріп отыр. Байқоңыр ғарыш айлағын ғана емес, тұтас қалашық Мәскеу иелігінде тұр. 2030 жылға дейін Ресей өзінің ғарыш кешенін дамытып, зымырандарды өізщнде ұшырып, Байқоңырдың үлесін 7 есе азайтады деген болжам бар. Алайда бұл көп болжамның бірі ғана.

Как устроены атомные электростанции — Naked Science

Бүгінгі таңда Қазақстанда АЭС салу мәселесі қайта көтерілді. Оны Ресей тарапы салуы мүмкін. АЭС салуға қатысты ойын президент Тоқаев Ресейде өткен "Шығыс экономикалық форумында" онлайн қатысу арқылы айтқан. Яғни экономикалық тұрғыдан Ресейге тиімді, ықпал ету тұрғысынан Кремльге ыңғайлы жобаны солтүстік көршіміз алса, тұтас энергетикалық қауіпсіздік мәселесін де сол тарапқа өтті деген сөз.

Сбербанк оценил, во сколько обойдется устойчивость цифрового рубля :: Финансы :: РБК

Енді міне электронды үкіметті Ресеймен бірлесе жұмысын жақсартпақ. Сбермен келісімге келу арқылы, аталмыш жобаға 500 млн доллар қаржы жұмсалады. Бұл экономикалық шығынмен бірге, цифрлық қауіпсіздікті өзгеге өз қолдымызбен тапсыру дегенді білдіреді.

Геосаяси шиеленістер күшейіп, әлемде жаңа текетірестің құлағы қылтиып тұр. Қазақстан көпвекторлы саясат ұстанымз десе де, Ресейге барынша жақындау үстінде.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

14 пікір