Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 3003 1 пікір 13 Қыркүйек, 2021 сағат 12:24

Путин 87-нөмірді бізге дайындап қойған жоқ па?

Путин мен Лукашенко 9 қыркүйекте 28 "интеграциялық бағдарламаға" қол қойды. 1999ж басталған "одақ елдер" түсінігін одан әрі тереңдетпек:
- ортақ макроэкономика саясаты, ортақ ақша-төлем кеңістігі, ортақ тендерлер мен өндіріс саясаты, ортақ мұнай-газ нарығы құрылады.

- ортақ қорғаныс кеңістігі, ортақ одақ парламентін құру талқыланған.
Газды арзан аламын, Батыстан мені қорғап қалады, тағы қарыз береді деп жүріп, елінің егемендігін Кремльдің қолына өз еркімен апарып берді. Ертең рубль ортақ валюта болары анық.

Ертең "независимое государство Белорусь в составе России" деп 86-шы субъект мәртебесін беретін секілді.

КСРО-ның ыдырауы 20ғ басты катастрофасы деп санайтын Путин оны қалпына келтіруге бар күшін салып жатқаны көрініп-ақ тұр. Бірде ақша береді, бірде соғыс ашады.

Көрсек те, 2010ж бері біз де біраз дүниені "ортақ" қылып келе жатырмыз. Сбер, АЭС сол "интеграцияның" келесі деңгейі емес пе? 87-ші деген нөмірді бізге дайындап қойған жоқ па?

Нұрмұхамед Байғараев

Abai.kz

1 пікір