Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
1752 0 пікір 13 Қыркүйек, 2021 сағат 12:20

Қазақстанда толық егілгендер саны 6 млн

Қазақстанда ересек халықтың 60 пайызға жуығы толық коронавирусқа қарсы егілді. Денсаулық сақтау министрлігінің 13 қыркүйектегі мәліметі бойынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 7087994 адам, екінші компонентпен 5 906 080 адам егілген.

Бірінші компонентпен егілгендердің саны қазірдің өзінде егілетін халықтың 71,1 пайызын құраған. Вакцинаның екінші компоненті 59,2 пайыз адамға салынды.

Бұған дейін министрлік өкілдері Қытайдан арнайы 3 млн доза вакцина әкелгенін мәлімдеп еді.

Abai.kz

0 пікір