Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
2801 6 пікір 10 Қыркүйек, 2021 сағат 15:13

Имашев ОСК төрағасы болып қайта тағайындалды

Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды»,- делінген Ақорда хабарламасында

Айта кетейік, Қазақстан президенті ОСК төрағасын бес жыл мерзімге тағайындайды.

Имашев ОСК басшысы болып 2016 жылдың 13 қыркүйегінде тағайындалған.

Abai.kz

6 пікір