Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021
Билік 1229 1 пікір 10 Қыркүйек, 2021 сағат 15:06

Мәжіліс балалардың құқығын қорғау бойынша заң жобасын жұмысқа алды

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына баланың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты  заң  жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

Құжат балалар мүддесі үшін заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерін Қазақстан Республикасының орындауы туралы төртінші кезеңдік баяндаманы қорғау қорытындылары бойынша Б¥¥ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында және «Балаға мейірімді Қазақстан» атты екі халықаралық конференцияның қорытындылары бойынша дайындалған ұсынымдар шеңберінде әзірленді.

Аталған заң жобасында сәйкес, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы және еңбек кодекстеріне, сондай-ақ, тағы басқа да бірқатар заң жобаларына түзетулер енгізілу ұсынылады.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылмақ.

Abai.kz

1 пікір