Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жалқы сұрақ 4247 59 пікір 3 Қыркүйек, 2021 сағат 16:46

Қазақстанда АЭС салына ма?

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге АЭС қажет екенін айтты. Бұл туралы президент Ресейде өтіп жатқан "2021 жылғы Шығыс экономикалық форумына" онлайн қатысу барысында мәлімдеді. Ол мемлекеттің, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлердің қажеттіліктерін ескеру қажет екенін атап өтті.

"Менің ойымша, бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын уақыт жетті, себебі Қазақстанға АЭС қажет", - деді ол.

Сондай-ақ, президенттің айтуынша, әлемдік энергия өндірісінің 60%-ы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерден келеді. Ол бұл елдердің алдында "жасыл энергияға" көшу мәселесі тұр деп болжайды.

Ол "көміртекті бейтараптылықтың өзекті мәселелері бойынша елдер арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын" да атап өтті.

Атом электр станциясын салу идеясының көтеріліп келе жатқанына көп болды. 1 қыркүйекте Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорының алдына "қауіпсіз және экологиялық таза энергияны дамыту мүмкіндігін зерттеу" міндетін қойған болатын. Президенттің айтуынша, 2030 жылға қарай елде электр энергиясының тапшылығы болады және бейбіт атом мәселенің оңтайлы шешімі болуы мүмкін.

Қоғам арасында АЭС салуға қатысты екі түрлі пікір бар. Бірінші тарап АЭС салуға мүлде қарсы. Елдегі қарапайым әскери қоймалар жарылып жатқанда, АЭС тіпті қауіпті деген ойда. Ал екінші тарап АЭС салынсын, алайда оны Ресей мен Қытай салмасын деген пайымда.

Abai.kz

59 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3508