Жұма, 19 Сәуір 2024
Көршінің көлеңкесі 7600 7 пікір 30 Тамыз, 2021 сағат 14:14

Ресей диверсиясы: Жару, улау

26 қыркүйек Жамбыл облысының Байзақ ауданында әскери бөлімшенің қоймасы жарылып, ел есеңгіреп қалды. Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, 14 адам қаза тауып, 90-нан астам адам жарақат алды. Президент қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық Аза тұту күні деп жариялады.

Бұл Қазақстанда болып тұрған алғашқы әскери қойманың жарылысы емес. Екі жыл бұрын Арыс қаласының маңындағы әскери қойма отқа оранып, алапат жарылыс болған еді. Жарылыстың нақты себебі айтылған жоқ. Тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Нұсқалардың ішінде техника қауіпсіздігін сақтамау, өздігінен тұтану, тіпті диверсия нұсқасы да бар. Диверсия десе қазіргі уақытта әлем елдері Ресейді бірден еске алады. Оның себебі де жоқ емес. Сонымен, соңғы жылдары Ресей әлем елдерінде қандай диверсиялар жасаған?

2014 жылы Чехияның Врбетице қаласында екі әрі әскери қойма араға 1 ай салып жарылып кетті. Онда зымырандар мен түрлі атыс қарулары болған. Чехия билігі бұл оқиғаны жеті жыл бойы зерттеп, істі майшаммен қарады. Сөйтсе жарылыс өздігінен тұтану әсерінен емес, диверсиядан болған екен. Жарылысты жасаған Мәскеу болып шықты. Әскери қоймады Болгарияға арналған қарулар сақталған, ал кейбір қару түрі Украинаға арналған. Ресей билігі Киев қаруды иемденбеуі үшін, қасақана жарған деген ақапарат бар. Чех арнайы бөлімшелері 2021 жылдың көктемінде жарылысқа Ресейдің арнайы агенттері Александр Мишкин мен Анатолий Чепиганың қатысы барын анықтады. Олар елге Александр Петров пен Руслан Боширов атты паспортпен кірген. Артынша 2014 жылдың 11-16 қазанында Чехияда болып, әскери қойма маңында жүрген суреттері де табылған.Бұл екі агенттің кейіннен Ұлыбританияда улау операцияларына қатысы бары да анықталған.

Взрывы в Чехии: самая простая версия: sapojnik — LiveJournal

Чехия билігі Ресейдің кінәсін толық дәлелдегендіктен, Мәскеу 47 млн доллар өтемақы төлеуі тиіс деп отыр. Чехияның қаржы министрі Алена Шиллерова өтемақы төлеу дұрыс жол дейді.

«Ең дұрыс жол ол халықаралық құжаттар мен заңнамаларға сәйкес өтемақы төлеу жолы», - деді ол. Әрине, кінәсін мойындамайтын, біреудің жерін тартып алып, олар өз еркімен қосылды деп сайрайтын Кремль бұл жолы да өтемақы төлеуден бас тартып, Праганың өзін кінәлап шыға келді.

Чехия жарылған қоймаға байланысты Мәскеумен дипломатиялық қақтығысқа түсіп, елден 18 Ресей дипломатын шығарды. Ресей де қарымтасын қайтарып, 20 чех дипломатын Ресейден кетірді. Чехияны қолдап, Словакия, Эстония, Литва, Латвия елдері де ресейлік бірнеше дипломаттарды өз елдерінен шығарды. Прага Ресейдің атом саласындағы қатысуын тоқтатып, бірнеше экономикалық жобадан шеттетті. Бұл да диверсия үшін қарымта жауап болатын.

Украинский эксперт: Взрывы на военных складах будут продолжаться — EADaily, 10 октября 2018 — Общество. Новости, Новости Украины

Ресейдің қоймаларды жаруына қатысты айыптауларды Украина билігі де тағып отыр. Осы уақытқа дейін Украинада аса ірі 4 әскери қойма жарылған. 2014 жылдан бастап Ресеймен соғыс жағдайындағы Украина үшін диверсия қаупінің орасан екенін де естен шығармаған жөн. Оған Мәскеудің тікелей қатысы барына Киевтің еш күмәні жоқ.

Ресей билігі тек қана қоймаларды жармай, сонымен қатар халықаралық қауымдастық деңгейінде тыйым салынған қару түрлерін өзге аймақта диверсиялық мақсатта қолданудан да бас тартпайды. 2018 жылдың 4 наурызында Ұлыбританияның Солсбери қаласында ГРУ-дың бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен оның қызы Мәскеуден әкесіне қонаққа келген Юлия ес-түссіз жатқан жерінен табылды. Олардың белгісіз умен уланғаны анықталды. Дереу арада ауруханаға жеткізіліп, ем көрсету шаралары басталады. Скрипальдың үйін бірінші болып тексерген криминалдық полиция сержанты Ник Бэйли де улануға байланысты ауруханаға жатқызылады. 18 мамырда Сергей Скрипаль ауруханадан шығарылады. 2018 жылдың 4 шілдесінде «Новичок» класындағы затпен уланудың тағы бір жағдайы белгілі болды. Бұл жолы Солсбериден 11 шақырым жердегі Амесбери қаласының тұрғындары уланған еді. Бұл уланудың артында Ресейдің арнайы күштері тұрғаны белгілі болды. Олар Ұлыбритания қызметіне жұмыс істейді деген күдікпен Скрипальды улаған болып шықты. Әрине, халықаралық конвенцияға сай тыйым салынған химиялық қару түрін қолданған Ресейге санкциялар салу жағы өркениетті елдерде көтеріле бастады. 2018 жылдың 22 тамызында АҚШ Ресейге аталмыш әрекеті үшін санкция салды. 2019 жылдың 2 тамызында «Скрипаль ісі» үшін салынған санкциялар күшейтілді. Ұлыбритания, Германия, Франция елдері де санкциялар пакетін енгізді.

Солсбери": история отравления Скрипалей станет сериалом ВВС

Ресейдің диверсиялық әрекеті талай елде орын алып, араға уақыт салып, анықталып жатыр.

Ка Мырза

Abai.kz

7 пікір