Жұма, 29 Наурыз 2024
Ел іші... 6051 1 пікір 17 Тамыз, 2021 сағат 15:04

Қазақстан армиясы күшейтілген режимге көшті

ҚР Қорғаныс министрлігі Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қарулы Күштердің қырағылығын күшейту бойынша шаралар қабылданғанын мәлімдеді. 

Ең алдымен, бұл - арнайы операциялар күштерінің бөлімшелеріне, майдан және әскери-көлік авиациясына, әуе шабуылына қарсы қорғанысқа қатысты қабылданған.

«Қорғаныс министрі өңірдегі жағдайды қадағалау және талдау, күштер мен құралдардың тәуліктік кезекшілігін ұйымдастыру бойынша міндеттер қойды. Жоғары қырағылықты қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметшілердің кезекшілік атқаруы бойынша жүктемені бірдей бөлу қажеттілігі атап өтілді»,- делінген министрлік хабарламасында.

Ал ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев:

- Туындайтын сын-қатерді ұдайы бағалап, қазіргі уақытта біз үшін анағұрлым маңызды және негізгі күшті қайда бағыттау керектігін айқындау қажет, – депті.

Алдағы аптада взводтардың жауынгерлік оқ атуы, әскери міндеттілермен жиындар, батальондармен бақылау сабақтары жоспарланып отырған әскерлердегі жауынгерлік оқу-жаттығу барысы туралы баяндалмақ.

Бас Штабтың ақпараты:

Қарулы Күштердің қырағылығын күшейту бойынша келесідей шаралар қабылданған:

- Оқу-жаттығулардың тәртібі бекітілген. Қазақстанға қандай да бір қауіп төнген жағдайда бақылаушы һәм күзетші әскери күштер мен құрылымның іс-қимыл жоспары бекітілген.

- Мемлекеттік органдармен, өзге де әскери органдармен, әскери құрылымдармен бірлесіп жұмыс істеу, іс-қимыл шараларын ұйымдастыру тапсырылған.

- Мемлекеттік күзет күштер мен әуе қорғанысы, әуе фронты мен әуе кеңістігін қорғаушы күштердің, әскердің санын арттыру туралы шешім қабылданған.

- Әскери нысандардың қауіпсіздігіне жауапты күзетті күшейту, әскери қоймалар мен қару-жарақ арсеналдарын күзетушілердің санын арттыру тапсырылған.

- Арнайы операциялар мен әскери-транспорттық әуе күштері құрылымдары күшейтілген режимде жұмыс жасайды.

- Мемлекеттік шекара күзетін күшейту бойынша Қарулы Күштердің жоспары бекітілді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613