Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 2897 0 пікір 16 Тамыз, 2021 сағат 15:57

Ұңғысынан түтіні сейілмеген Ауғанстан

A member of the Taliban insurgent and other people stand at the site during the execution of three men in Ghazni Province April 18, 2015. The Taliban announced the execution of three men accused of murdering a couple during a robbery, saying they had been tried by an Islamic court. The killing was carried out in front of a crowd by Taliban fighters who fired at the men with AK-47s, according to a Reuters witness. Footage seen by Reuters show the men were made to sit on the ground with their eyes blindfolded and their hands tied at the time of their execution. REUTERS/Stringer

Бұл мемлекетті тарихта әлі ешбір алпауыт ел сырттан жаулап ала алмаған. Әлі ешкім өз ырқына басыбүтін көндіре де алмаған. Жаһанның жұдырығы жуан елдердің көзқұртына айналған ауған елінен тағы да маза кетті. "Тәлібан" радикал қозғалысының әскерлері әурелең елді басыбүтін дерлік өз билігіне алды.

2009 жылы, яки осыдан 12 жыл бұрын Ауғанстанның ең қауіпсіз қаласы саналып келген Херат қаласында сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп еді. Қазақстан атынан сол кездегі сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевпен бірге бір аптаға жуық іссапарда болып ек сонда. Сол тұста Қазақстаннан келген үкіметтік делегация құрамында болған біздің әрқайсымызды дәл осындай ауған полициясы қызметкерлері ерекше күзетіп еді. Қасымыздан бір елі қалмайтын сабаздар. Өзімізді расында да қауіпсіз сезіндік.

Қазір елдің солтүстік-батысында орын тепкен 600 мыңдай тұрғыны бар Херат қаласы да "Тәлібан" қозғалысы күштерінің толықтай ықпалына өтті. Елдің ең қауіпсіз мекені болған қала да бүгінде болашағы белгісіз мазаң күйде. Ұңғысынан түтіні сейілмеген ауған жұртында тыныштықтың орнауы емес, әзірге радикал топтардың арынын басу басты мәселе толғақты боп тұр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы ретте үкімет мүшелерін, тиісті ведомство басшыларын жинап шұғыл жиын өткізуі де дер уағында. Ауғандағы жағдай ушыға берсе Орталық Азия елдеріне әсері қандай болмақ? Қазір Орталық Азия елдері мемлекеттері мен жаһандық қауымдастық елдерінің басын қатырған мәселе осы.

Әуесбайдың Қанаты

Abai.kz

0 пікір