Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 8124 1 пікір 13 Тамыз, 2021 сағат 13:53

Халық санағы не үшін керек?

Ұлттық халық санағын өткізуге қандай негіздеме себеп болды?

Халық санағы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған 2020 жылғы халық санағы мен тұрғын үй қорының Дүниежүзілік раунды аясында өткізіледі. 2021 жылы халық санағын өткізу әлемнің 61 елінде жоспарланған.

Бішкек қаласында 2016 жылғы 16 қыркүйекте ТМД мемлекеттері Басшыларының Кеңесі 2020 жылдарға барынша жақын мерзімдерде ТМД қатысушы мемлекеттерде кезекті халық санағын өткізу туралы Шешім қабылдады.

Халық санағы не үшін керек?

Алдағы халық санағының құндылығы оның Қазақстан Республикасының халқы бойынша демографиялық ахуалды біліп қана қоймай, әлеуметтік саланың көптеген аспектілері бойынша ахуалды болжауға мүмкіндік береді. Халық санағының ел үшін айрықша маңыздылығы, ең алдымен, жалпыға бірдей қамту мен ауқымды бағдарламаның арқасында – тұтастай ғана емес, оның әрбір әкімшілік-аумақтық бірлігінің халқы туралы әртүрлі ақпараттың баламасыз көзі болып табылатындығымен айқындалады. Халық санағы елдің ұлттық статистикалық жүйесінің құрамдас және ажырамас бөлігі, халық және оның тұрғын үй жағдайлары туралы деректердің негізгі көзі болып табылады.

Халық санағының қорытындылары елде санақ аралық кезеңде болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді. Халық санағы барысында алынған статистикалық деректер барлық деңгейдегі бюджеттердің барынша объективті қалыптасуына негіз болады.

Экономика мен бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және дамыту үшін құрылыс пен тұрғын үйді бөлу, демографиялық және көші-қон процестері, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала және жұмыс орындарын құру бойынша бағдарламаларды дамытуға жәрдемдесетін халық санағының ақпараттық деректері қажет. Халық санағы жұмыс орындары, еңбек ресурстары туралы толық көріністі, ал бизнес үшін түпкілікті тұтынушы туралы маңызды әрі нақты көріністі береді. Ұлттық халық санағына қатысатын әрбір азамат мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлау және әзірлеуге ауқымды және құнды үлесін қосады.

Abai.kz

1 пікір