Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 7318 8 пікір 12 Тамыз, 2021 сағат 16:50

Таста тамыр, төреде туыс жоқ

1748 жылы, 12-тамыз Қазақтың 19-ханы Әбілқайыр Мұхаммед қазы баһадүр хан өзінің туысы Шыңғыс тұқымы Барақ сұлтанның қолынан қапыда мерт болды.

Әбілқайыр 1729 жылы Жоңғар акупанттарына қарсы Аңырақай шайқасында қол бастап тамаша жеңіске қол жеткізді. Ол елдігіміздің сақталуы жолында өлшеусіз еңбек сіңірген бірегей тұлға. Орыстың қолтығына бірінші барып кірдің деп кінә таққыш біздің шала сауаттар жағдайға сол заманның көзімен қарау дегенді ұмыт қалдырса керек.

1730 жылы Орыстың қатын патшасы Анна мен болған дипломатиялық қатынас амалсыздан жасалған саяси шара екенін ұмытпаған жөн.
Яғни Аннаны пайдаланып Жоңғарды құрту болатын Бұл саясат өзінің жемісін берді.

Алдымен 1745 жылы Қалдан-Серен қайтыс болды. Ұрымтал сәтті пайдаланған Қазақтар Жоңғардың ішкі саясатына араласып жағдайды өз мүддесіне пайдаланып кетті.

Тақ таласында Абылайдың қолдауына сүйенген Әмірсана жеңіске жетіп Қытайға қарсы тәуелсіздік жолында құрбан болды.

1748 жылы 12 Тамыз күні кең далада кездесіп шекісіп қалған ер Әбілқайыр ең өкініштісі өзінің аталас туысы Барақ сұлтанның қолынан көз жұмды. Ал бұл Барақ сұлтанның Алаш көсемі Әлиханның арғы атасы екенін біреу білсе біреу білмес. Таста тамыр төреде туыс жоқ деген Қазақ мақалы еріксіз еске түседі.

Әділет Әбсаттарұлы

Abai.kz

8 пікір