Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3610 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 11:52

ОРЫС ТІЛІ – ҚЫЛМЫСТЫҢ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТІЛІ...

Жақында болған Жоғары Рададағы айқай-шу тағы да тіл мәселесінен шықты. Орыс тіліне арнайы мәртебе беруді көздеген Аймақтар партиясының өкілдері Вадим Колесниченко мен Сергей Кивалов «Мемлекеттік тіл саясаты негізі туралы» заң жобасын дайындап, әріптестерінің қарауына ұсынғаны сол-ақ еді, күтпеген оқиға орын алды. Жобаның негізгі ұстанымы Украинаны Ющенко басқарып тұрған тұста орыс тiлiн қоғамнан ығыстурға байланысты түрлi шаралар қолға алынған едi. Тiптi сол кездегi премьер-министр Тимошенко елдегi бiлiм ошақтарында ұстаз қауымының тек мемлекеттiк тiлде сөйлеу керектiгi жөнiнде бұйрық та шығарған болатын. Алайда халық президенттiк сайлауалды бағдарламасында «орыс тiлiне мәртебе беремiн» деген Януковичтi таңдады. Бiрақ орыс тiлiн жақтаушы топ оның билiкке келген соң уәдесiнен тайқып кеткенiн жиi айтып жүр.

Жақында болған Жоғары Рададағы айқай-шу тағы да тіл мәселесінен шықты. Орыс тіліне арнайы мәртебе беруді көздеген Аймақтар партиясының өкілдері Вадим Колесниченко мен Сергей Кивалов «Мемлекеттік тіл саясаты негізі туралы» заң жобасын дайындап, әріптестерінің қарауына ұсынғаны сол-ақ еді, күтпеген оқиға орын алды. Жобаның негізгі ұстанымы Украинаны Ющенко басқарып тұрған тұста орыс тiлiн қоғамнан ығыстурға байланысты түрлi шаралар қолға алынған едi. Тiптi сол кездегi премьер-министр Тимошенко елдегi бiлiм ошақтарында ұстаз қауымының тек мемлекеттiк тiлде сөйлеу керектiгi жөнiнде бұйрық та шығарған болатын. Алайда халық президенттiк сайлауалды бағдарламасында «орыс тiлiне мәртебе беремiн» деген Януковичтi таңдады. Бiрақ орыс тiлiн жақтаушы топ оның билiкке келген соң уәдесiнен тайқып кеткенiн жиi айтып жүр.
Жақында болған Жоғары Рададағы айқай-шу тағы да тіл мәселесінен шықты. Орыс тіліне арнайы мәртебе беруді көздеген Аймақтар партиясының өкілдері Вадим Колесниченко мен Сергей Кивалов «Мемлекеттік тіл саясаты негізі туралы» заң жобасын дайындап, әріптестерінің қарауына ұсынғаны сол-ақ еді, күтпеген оқиға орын алды. Жобаның негізгі ұстанымы - Украинаның 14 аймағында орыс тілін украин тілімен қатар, мемлекеттік түрде қолдану. Тіпті заң жобасында «украин тілін қолдану міндетті емес» деген де баптар бар екен. Заң жобасы авторларының айтуынша, бұл орыс тілін білім ошақтарында, медициналық мекемелерде, сот орындарында, жалпы қоғамда мемлекеттік тіл - украин тілімен тепе-тең қолдануға мүмкіндік береді. Алайда ондағы «Егер орыс тілін тұрғындардың 10 пайызы туған тілі ретінде санаса, оған аймақтық мәртебе беру керек» деген мәтін жолдары ұлтшыл депутаттардың намысына тиген сияқты. Заң жобасына қарсы топ «Украин тілін жою - Отанды құрту» деген ұранды сөздер арқылы наразылықтарын жәй ғана білдіріп қойған жоқ, Жоғары Раданы қызу шайқастың алаңына айналдырып жіберді. Тіпті Тимошенко блогынан (БЮТ) сайланған депутат Николай Петруктің басы жарылып, ауруханаға түссе, заң жобасының авторы Вадим Колесниченконың киімінің сау-тамтығы қалмаған. Сөйтіп Рададағы оппозиция депутаттары мінберді жауып, заң жобасын қарауды күн тәртібінен алып тастауды талап етті. Олардың «Біз бұл мәселенің парламент қабырғасында қаралмауын сұраймыз» деген өтінішіне Рада спикері Владимир Литвин бұл заң жобасын қарайтын уақыт жеткенде оны қарастырмау жөнінде дауысқа салатындығын айтып, уәде берді. Сөйтіп Радада осымен бесінші рет талқыға салынған заң жобасының біреуі де қаралмады. Соңғы рет ол былтырғы наурызда талқылаудан өтпей қалған болатын.
Ұлтшыл-депутат Андрей Парубийдің пікірінше, көптілділік украин тілінің тасын өрге домалатпайды. «Ең бастысы, біз бұл заң жобасының қабылдануына жол бермедік. Бұл біздің ғана емес, бүкіл Украинаның жеңісі», - дейді ол.
Әрине, бұл кезде тіл десе, жанын салатын Юлия Тимошенко да үнсіз қалмады. Харьков ауруханасында жатқан саясаткер өз пікірін әлеуметтік желі арқылы білдіріпті. «Украинада қазірдің өзінде қостілділік басым. Орыс тілі - қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың, көлеңкелі экономиканың тілі. Екіншіден, орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру - бұл Аймақтар партиясының сайлауалды бастамасы ғана емес, бұл Украинаға, оның халқы мен тарихына қарсы жасалған қылмыс», - деген Тимошенко қазіргі биліктің жалтақтығын баса айтқан.
Шынында да, саясаттанушылар Жоғары Рададағы тіл соғысының қайта өріс алуын күзде өтетін парламенттік сайлаудан іздейді. Мұның астарында көрші Ресейдің ығына жығылу саясаты да жатыр. Әрі қазірдің өзінде Украинада орыс тілінің шашбауын көтеріп жүрген партиялар мен ұйымдар жетерлік. Олардың өзінде ауызбіршілік жоқтың қасы. Мәселен заң жобасын ұсынған Аймақтар партиясы фракциясының басшысы Александр Ефремов: «Еліміздің конституциясында украин тілі - мемлекеттік тіл ретінде нақтыланған. Оған келетін қауіп-қатер де жоқ. Ал менің эмоцияға берілген әріптестерім тіл мәселесінің шешілуі үшін күресіп жатқан жоқ, олар бұған сайлау алдындағы рейтингін көтеру үшін ғана жанын салуда», - деп баса айтты.
Бұл да мүмкін. Бірақ Аймақтар партиясының өкілдері кезінде өздері қолдап, дауыс берген президент Виктор Януковичке ызалы. Мұның астарында «Орыс тілін екінші мемлекеттік тіл мәртебесіне жеткіземін» деген президенттің бүгінгі таңда бұл мәселені кейінге ысырып қойғанына ашулы топтың наразылығы да жатыр. Қалай десек те, әзірге бұл заң жобасына нүкте қойылды. Алайда, кейбір басылымдар заң жобасына қолдау білдіріп, арнайы мақала да жариялады. «Московский новости» газетінің сарапшысы Виктория Кузьминаның пікірінше, заң жобасы украиндендіру саясатының құрдымға кеткендігін айғақтайды. «Өйткені мемлекетте 20 жыл ішінде украин тілінің бағыты айтарлықтай бекіген жоқ».
Сауалнама қорытындысы бойынша, украин тілін тұрғындардың 44 пайызы, ал орыс тілін 40 пайызы қолданады екен. Қалғандары екі тілде бірдей сөйлейді. Мақала авторы Кузьмин: «Бұл Батыс Украина мен ауылды жерде тұратындардың есебі арқылы шыққан пайыздық өлшем. Ал шын мәнінде Украи­надағы халықтың басым көп­шілігінің қарым-қатынас тілі - орыс тілі», - дейді. Десе де, қазіргі таңда Киевтегі 400 мектептің тек 8-і ғана орыстілді. Ал соңғы 20 жылда Украинада аз ұлттардың тілінде білім беретін 3 мыңнан аса мектеп жабылған. Сондай-ақ орыс тілінде оқитын оқушылар саны 7 есеге азайып кеткен. Елдегі кино өндірісінің де фильмдерді украин тілінде дыбыстауды қолға алғанына біраз болды. Демек, бәзбіреулердің үрейленетіндей жөні жоқ.
Сонымен, бұл заң жобасы сайлауалды науқанның әсері ме, әлде шын мәнінде орыс тілінің мәртебесін өсіргісі келетін топтың мақсат-мүддесі ме? Тіпті кейбір пікірлерге сенсек, мұны президент Януковичтің өзі ұйымдастыруы мүмкін. Өйткені бұл күзде өтетін парламенттік сайлауда Аймақтар партиясының өкілдерінің жеңіске жетуіне деген баспалдақ іспеттес.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

«Түркістан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553