Сенбі, 20 Сәуір 2024
3396 1 пікір 3 Тамыз, 2021 сағат 11:03

Тәжікстан ЕАЭО-ға кіре ме?

Тәжікстан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіру мәселесін әлі зерттеп жатыр. Ресей Душанбенің осы одаққа кіргенін қалайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген.

Тәжікстанның сауда және экономикалық даму министрі Завки Завкизода 2 тамыздағы баспасөз конференциясында Душанбенің ЕАЭО-ға кіруі туралы ешқандай алдын ала келісім жоқ деп мәлімдеді.

"ЕАЭО – жас бірлестік. Қандай да бір оқаққа кіргісі келетін кез келген ел пайдалы-пайдасыз жақтарын зерттеп алады. Қазір біз көрші елдердің тәжірибесін ескере отырып, сараптама жасап жүрміз. ЕАЭО-ға кіру туралы шешім әлі қабылданған жоқ", - деді министр.

Журналистердің Тәжікстан одаққа шамамен қай уақытта кіру мүмкін деген сауалына Завки Завкизода үкіметтің қашан және қандай шешім қабылдары әзірге белгісіз деп жауап берді.

Ресей Тәжікстанның экономикалық одаққа кіргенін қалайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) – Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан және Қырғызстан кіретін халықаралық ұйым.

Abai.kz

1 пікір