Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3735 0 пікір 2 Тамыз, 2021 сағат 15:51

Пашинян Арменияның премьер-министрі болды

Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін үкімет басшысының міндетін атқарушы болған.

"Конституция ережелерін басшылыққа ала отырып, Никол Пашинян Армения Республикасының премьер-министрі болып тағайындалсын", - делінген Армения президенті Армен Саркисянның жарлығында.

Еске сала кетейік, Арменияда 20 маусымда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Сайлауда «Гражданский договор» партиясы жеңіске жетті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Армения Министрлер кабинеті премьер-министр тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде құрылады.

Abai.kz

0 пікір