Сенбі, 20 Сәуір 2024
4616 2 пікір 2 Тамыз, 2021 сағат 14:56

БҒМ: Қашықтан оқыту форматы туралы ақпарат жалған

Әлеуметтік желілерде таралған «Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады» деген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. 

«Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді деген жалған ақпарат тарап жатыр.

Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды»,- делінген министрлік мәліметінде.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта оқыту жөнінде айтқан болатын.

Abai.kz

2 пікір