Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3288 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 11:38

Үлкендердің үлкен қателігі

Бүкіл әлемдік дағдарыстың «айылын жимақ түгіл» отқа май құй­ғандай қаулап, лаулап бара жат­­­қандығын таяуда ғана Ас­та­на­мыз­да өткен Халықаралық эконо­микалық конференцияға қатысушы сарапшылар түгелдей дерлік мо­йын­дады. Олардың Астана фо­румы­на дейін қандай тұжырымда болғанын бір Құдай білер, ал біздің 2012 жылы «Дағдарыс тыйылмақ түгіл, өрши түседі» деген бол­жа­мымызды «Айқын» газетінің оқыр­мандары жыл басында-ақ білген болатын. Айтқанымыз тұп-тура келді.

Бүкіл әлемдік дағдарыстың «айылын жимақ түгіл» отқа май құй­ғандай қаулап, лаулап бара жат­­­қандығын таяуда ғана Ас­та­на­мыз­да өткен Халықаралық эконо­микалық конференцияға қатысушы сарапшылар түгелдей дерлік мо­йын­дады. Олардың Астана фо­румы­на дейін қандай тұжырымда болғанын бір Құдай білер, ал біздің 2012 жылы «Дағдарыс тыйылмақ түгіл, өрши түседі» деген бол­жа­мымызды «Айқын» газетінің оқыр­мандары жыл басында-ақ білген болатын. Айтқанымыз тұп-тура келді.

Еуроодақ шексіз рецес­сия­ның бұғауында тұр. Тіпті, аймақтық валютаның тағдыры не болары белгі­сіз. Міне, жағдайдың осылай­ша ушыға түсуіне не «G-8», не «G-20» дөкейлері қанша бас қосса да жауап таба алмай қойды. Демек, бұл «емі жоқ дерт» деуге болатын деңгейге дейін ушыққан сырқат. Сондықтан да Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баев «G-Global» форматын ұсынды. Астана форумында біздің Елбасымыздың бұл ұсынысы қатысушылардың барлығынан бір ауыздан қолдау тапты. Сонымен, «дерт неге дауасыз болып тұр?» деген сұраққа жауап біреу-ақ, ол - «үлкендердің үлкен қателігі» дегенді алға тартпақпыз. «G» ағыл­­шынша үлкен деген сөздің бірінші әріпі. Сондықтан да «G-8, G-20» дегеніміз «үлкен сегіздік, үл­кен жиырмалық» дегенді біл­ді­реді. Яғни алып мемлекеттерді басқарып отырған сегіз немесе жиырма бірінші тұлға қабылдаған шешімдер өмірдің үлкен қателігі болып келді. Дәлелдейік.

АҚШ «емі»
Дағдарыс 2007 жылдың та­мы­зында Нью-Йорк қор бир­жасында ипотекалық ком­пания­лар құнды қағаздарының күрт құнсыздануынан туындады. Яғни жылжымайтын мүліктерге қойы­лып келген «көбік баға» жарылды. Әлемдік баға АҚШ мемлекетіндегі бағаға қарап, бой түзейтіні бар­шаға белгілі. Демек, Нью-Йорк қор биржасында жылжымайтын мүлік бағасы күрт түскен шақта әлемнің қалған мемлекеттеріндегі бағалар да құлдырайды. Қош.
Қор биржасындағы келеңсіз хабарды естіген америкалықтар банктердегі депозиттік салым­дарын қайтарып алу үшін бірнеше шақырымға созылған кезекке тұрды. Жанталас басталды. Осы кезде банктердің өтем мүм­кінді­гін­де «ши шықты». Кейбір банк­тер депозиттік салымдарды иесі­не қайтара алмады. Ел бұқараның на­разылық бой көтерулері жағ­да­йында қалды. Осыны ушық­тырмау үшін федералдық қаржы жүйесінің басшысы Бен Бернанке «қажет болса, ақшаны тікұшақпен аспаннан шаша аламыз» деп бөс­ті. Бұл бөсу емес, ақиқат сөз болды. Иә, айтқанын орындату Бернанкенің қолынан келетін. Іле-шала мемлекеттегі үш банк­нот фабрикасы үздіксіз жұмыс жағдайына көшіп, бір жылдың ішінде айналымға мемлекет бюджеті кірістерімен қамтамасыз етілмеген 7 триллион доллар шы­ғарылды. АҚШ тынышталды. Бі­рақ бұл кезде дерт тұмаудай тарап кеткен еді. Жағдайды ерте болжай алған Қазақстан мен Жа­пония «уға қарсы у» шарасын қолданды. Қазақстан Пре­зи­дентінің тікелей нұсқауымен екінші деңгейдегі банктерге 2007 жылдың өзінде 4 миллиард дол­ларлық «көмек көрсетілді». Дағ­дарысқа қарсы күрес шаралары арнайы бағдарламаға айналып, «жол картасын» жүзеге асыруға үкімет, ұлттық банк білек сыба­нып кірісті. Сөйтіп, 2008 жылдың өзінде сырттың әсеріне толық тосқауыл қойылып, 2009 жылды аздаған өсіммен қорытын­дыла­дық. Айтқандай, қазақстандық­тардың орташа кірісі дағдарысқа байланысты қысқарудың орнына екі есе өсірілді. Жапонияда іле-шала «үш сатылы зымыран» бағ­дарламасы жасалып өндіріске енгізілді. Мұнда тұтынушының сатып алу қабілетін сақтауға ерек­­ше көңіл бөлінді. Еуропада керісінше қатаң үнемдеу саясаты қолға алынды. Сөйтіп, Қазақстан дағдарыстан толық шығып, қар­қынды даму арнасына түсті. Жа­пония табиғи апаттың ғана зар­дабымен күресуге мәжбүр боп қалғандығы болмаса, АҚШ «лаң­ының» зардабын онша сезе қой­ған жоқ.
2008 жылы АҚШ ел бюдже­тімен қамтамасыз етілмеген мол ақшаны тағы да айналымға жі­бер­­ді. Бұл әрекеттерін 2009-2010 жыл­дары да қайталады. 2011 жы­лы мемлекеттік борышты іш­кі жылдық жалпы өнім мөл­шерінен асырып, 15 триллион доллар еке­нін конгресс заңдас­тыр­ды. Қыс­қа­сы, «доллар иелері» айналымға 40 миллиард доллар­дан артық ба­сы артық ақша шы­ғарып елдегі дүрлігісті, қыс­қар­ту­ларды тоқ­та­та алды. Дегенмен жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыс­сыз­дар­ды «қайтаруға» қол жеткізе ал­­ған жоқ. Бұдан шыға­тын қо­ры­тын­ды АҚШ, Жапония, Қа­зақ­стан қысқарту­ларды «жүр­гіз­беді», айналымдағы ақшаны мо­лай­тып, тұтынушылардың са­тып алу қабілетін арттыра оты­рып, дағдарыстың ауыртпалығын жеңді деген тұжырым.

Еуроодақ «шаралары»

Дағдарысты өз өмірлерінде сезіне бастаған Еуроодақ бас­шы­лығы да оған қарсы күрес шара­ларын «іске қосты». Олар евро бағасын арттыру, үнемдеу және қысқарту саясатын қалап алды. Евро бағасы өскен кезде евро-тауар бәсекелестік қабілетін жой­ды. Үнемдеу саясаты іске қосыл­ғанда тұтынушының кірісі аза­йып шыға келді. Қысқартулар басталғанда белсенді тұтыну­шы­лар саны азайды. Парадокс.
Еуроодақтағы жағдайдың не­ге түзелмей тұрғанын енді түсін­діру қиын емес. Біріншіден, тұтынушының кірісі азайып, сатып алу қабілеті кеміген шақта ұсыныс іркіліске ұшырайды да бұл тауарлы өндірісті тежелуге итермелейді. Бар болғаны осы. Нәтиже - рецессия. Өндірістік рецессияның беретіні - толмаған бюджет. Толмаған бюджеттен алатынымыз - тағы да қысқар­тулар. Қысқартулар тағы да тұ­тынушы кірісін азайтады. Бұл өз кезегінде сатып алуды кемітеді. Қайтадан бюджет кірісі азаяды. Осы цикл қайталана береді.
Мінеки, Еуроодақтың бүгінгі жағдайға жетуін және оның бұл дағдарыстан жуыр маңда шыға қоймайтынын осы жағдай толық түсіндіріп тұр ғой. Демек, біз Еу­ро­одақ биыл түгіл 2013 жылы да, тіпті, одан кейінгі кезеңде де ре­цессиядан құтыла алмайды десек, болжамды жоғарыда айтқан өндірістік процесстердің орын алуын байқағандық деп ойлаған жөн. Жағдайды түзеу - дағда­рысқа қарсы күрес шараларын аймақ бойынша 180 градусқа бұру ар­қылы ғана жүзеге асатын іс. Бұ­ған Еуроодақ басшылығы бара ала ма, ол жағы енді уақыт көр­се­тетін жағдай. Бір қайран қа­лар­лығы - сол өткен күзде Еуро­одақтағы жағдайды тал­қы­лауға қа­тысқан АҚШ экономика министрі Тимоти Гейтнер «бұла­рың дұрыс емес» деудің орнына, «қатаң үнемдеу» саясатын қол­дағаны белгілі. Неліктен?

АҚШ - Еуроодақ қайшылығы

Неліктен екені бізге белгілі. Егер Тимоти Гейтнер «бұларың дұрыс емес» десе, Еуроодақ Жа­пония мен Қазақстан секілді тұтынушылардың кірісін өсіріп, сатып алу қабілетін арттыруға баруы тиіс. Мұндай жағдайда айналымға жаңа евро шығады. Доллар-тауар валютаның құнсыз­дануы арқылы жеткен өтімділік қабілетінен айырылады. Рецес­сия енді Еуроодақта тежеліп, АҚШ-та өріс алатын болады. Бұл АҚШ үшін «қажет емес».
Қысқасы, Еуроодақ пен АҚШ саясатқа бір топтың мүд­десін қорғағандай болғандары­мен, экономикаға келгенде «ортақ өгізден оңаша бұзау ар­тық» деудің шырмауында қалған сыңайлы. Анығын айтсақ, «ортақ өгізден оңаша бұзау артық», «бүл болмасаң күл бол» деп отырған АҚШ жағы. Ал Еуроодақ басшылығы жетім бала күйін кешуде. Алпауыт көрінетін АҚШ саясатына қыр көрсетуге олардың қауқары жоқ.
Былтыр қыста өткен Давос форумында Ресей экономисі Алексей Кудрин «Батыста жағ­дайды бағамдай алатын білімі бар басшы болмай тұр» деп сал­ған еді. Ол жақтағылар оның бұл сөзіне шамданған жоқ. Ал таяуда өткен Астана форумында біздің Елбасымыз АҚШ ұстанған сая­сат­ты «өртті бензинмен сөндіру» деп бағалады. Мұны форумға жи­налған саясаткерлер де, ха­лық­аралық қоғамдық ұйымдар жетекшілері де, даңқты эконо­мист ғалымдар да толығымен құптады және мойындады. Ту­расын айтсақ, Еуропа тауарының сапасыздығынан, өтімсіздігінен рецессияға жол беріп алған жоқ. Айналымға шыққан доллар массасының шектеусіз көптігінен осындай күйге түсті. Өкініштісі сол, не Ангела Меркер, не тұң­ғиық тереңіне үмітсіз батып бара жатқан Грекия, Испания, Италия мемлекеттерінің қайта-қайта ауысып жатқан басшыларының бірде-бірі АҚШ жағына «ау, бұларыңды қойсаңдаршы» деп көрген емес. Кінәнің неден екенін білсе де, ауыздарын ашуға қабілетсіз. Францияның жаңадан сайланған Президенті бұл мәселе төңірегінде не дейді оны уақыт көрсетер, бірақ біздің бол­жа­мы­мыз ол да алпауыт АҚШ басшы­лы­ғына тура қарап, бірдеңе ай­тады деп үміттенудің өзі қиын.
Қорыта айтқанда, әлем, әсі­ре­се, Еуроодақ дағдарыстың «құ­р­­баны болуы» әбден мүмкін. «Әп-әдемі ән еді, пұшық шіркін бүлдірді» дегенді өмір мыса­лы­нан көретін кез алыс емес се­кіл­­ді. Бұл - 2007 жылы басталған дағ­да­рыстың жанға бататын ең ауыр зардабы болмақ. Ал ол зардапты болдырмайын десе, АҚШ мем­лекетінің өзі «құр­дымға» кетеді.
­
Бар пәле - доллар
Бүкіл дерттің қоздырушысы Теодор Рузбельт заманынан қа­лып­тасқан «ұзын доллар» сая­саты. Қазіргі таңда ақиқатқа тура қарар болсақ, АҚШ ешқандай қарусыз-ақ, тек қана доллардың күшімен бүкіл әлемді «ашса ала­қанында, жұмса жұдыры­ғында» ұстап тұр. Бұл - үлкен билік. Үлкен биліктен айырылу өліммен тең. Оның үстіне дәл қазіргідей жағдай.
Біреулер «АҚШ қор биржа­ларындағы мұнай бағасын арзандату үшін Иранға соғыс ашады» дегенді айтуда. Ал біз болсақ, «Иранға соғыс ашу - долларды өлімнен аман алып қалудың бір жолы деп түсінеді» дегенді ақиқатқа жақынырақ деп ойлаймыз. Ол - ол ма, былтырғы көктемде Африканың солтүстігін «жалмап өткен» төңкерістер сол доллар ықпалын сақтау жолын­дағы бір лаң болғаны сөзсіз. Яғни АҚШ өндірістік рецессия түгіл, долларды сақтау үшін адамдарды да мың-мыңдап құрбандыққа шалып жатыр.
Иә, қазіргі дағдарыс та «үлкен­дердің үлкен қателігінің» жемісі. Бірінші қателескендер Бреттен Вуд келісіміне қол қой­ған мемлекеттер басшылары. Екінші қателік АҚШ жағының айналымға шығарылатын доллар массасын мемлекеттегі алтын қазынасымен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесінен бас тартуына көнген мемлекеттер басшыларының қадамынан өріс алды. Сөйтіп, АҚШ басшылығы мемлекетке қанша қажет болса, сонша доллар басып шығарып алу мүмкіндігіне ие болды. Әлем­ді доллар деп аталатын жасыл бояулы бағасыз қағаз қаптап кетті. Мұның салдары Грекияның еуроаймақтан шығуымен ғана емес, тұтастай Еуроодақтың ыды­рауымен тынса жақсы. Жоқ онымен тынбайды. Өйткені доллар басып шығаруды сәл тежесе, АҚШ деп аталатын алып мемлекет дүниежүзі картасынан жойылуы әбден мүмкін. Солай. Үлкендердің үлкен қателігі адам­затты экономикалық құрдымға итере түсуде. Сондықтан адамзат тұтасымен құрдымға кетпеуі үшін ешкімге, еш мемлекетке зардабы тимейтіндей жолмен доллардан бас тарту жөніндегі Н.Ә.Назарбаев ұсынысын қол­даудан басқасы қалған жоқ. АҚШ гегамон болуына әлем жол бере қоймайды. Соны түсінетін кез жетті.
Таңшолпан БЕКБОЛАТ

«Айқын» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580