Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5137 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 11:37

КСРО кезіндегі қуғын-сүргін


1930-жылдардан басталған қуғын-сүргін Тынышбаевтар отбасына да оңай болған жоқ. «Халық жауы» деген аты дүркіретіп тұрды. Ұлы, яғни менің дүниеге келгенімді әкем Алматыдағы абақтыда отырып естіді. Атап өтерлік жайт, бұған дейін еліміздің облыстарында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты толқулар болды. «Қазақстан бойынша жүз елуге жеткен бұл толқуларға әкемнің қатысы бар ма?» деген мақсатпен сұрақтың астына алған (БМСБ) Бірлескен мемлекеттік саяси басқарма органдары әкемді қыспаққа алды. Бұған дейін Мұхамеджан Тынышбаев екінші Мемлекеттік Думаның мүшесі, Жетісудағы уақытша үкіметтің комиссары, Түркістан Автономиялық үкіметінің төрағасы, Алашорда үкіметінің мүшесі болса да органдар оның саяси тұрақсыздығын алға тартты.


1930-жылдардан басталған қуғын-сүргін Тынышбаевтар отбасына да оңай болған жоқ. «Халық жауы» деген аты дүркіретіп тұрды. Ұлы, яғни менің дүниеге келгенімді әкем Алматыдағы абақтыда отырып естіді. Атап өтерлік жайт, бұған дейін еліміздің облыстарында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты толқулар болды. «Қазақстан бойынша жүз елуге жеткен бұл толқуларға әкемнің қатысы бар ма?» деген мақсатпен сұрақтың астына алған (БМСБ) Бірлескен мемлекеттік саяси басқарма органдары әкемді қыспаққа алды. Бұған дейін Мұхамеджан Тынышбаев екінші Мемлекеттік Думаның мүшесі, Жетісудағы уақытша үкіметтің комиссары, Түркістан Автономиялық үкіметінің төрағасы, Алашорда үкіметінің мүшесі болса да органдар оның саяси тұрақсыздығын алға тартты.

Алашордалықтардың (барлы­ғы 16 адам) ісін қарау ұзаққа со­зылды. Ешқандай қылмыстық іс табылмаса да оларды бес жыл мерзімге (Воронеж облысына жер аударады) концлагерьге айдап жі­берді.
Әкем сонда Москва-Донбасс темір жол құрылысына инженер болып орналасты. Бірлескен мем­лекеттік саяси басқармасының қызметкерлері келіп жиі тінту жүргізіп тұрады. Бірде олар анам­ның құнды бұйымдарын әшке­ре­лей жаздады. Сатқан бұйымдар­дың қаражатына азық-түлік сатып алып жүрдік, себебі сол кездері еліміздің басқа да аймақтарында тұралаған сұм аштық бұнда да болды. Анам ылғи да менімен бір­ге кезекті бағалы заттары үшін Уфа­ға аттанып жүрді. Сондай са­парлардың бірінде вагон багажын­дағы екі чемоданның аузы ашы­лып, ондағы заттардың кейбірі ұрланған болды. Сол тозығы жет­кен чемодандар әлі күнге дейін ата-анаммен өткерген үрейлі күн­дерді есіме түсіреді. Анамның ай­туынша, әкем үйде темір жол кө­пірлерін жобалауды қосымша атқарған. Мен сол сызбалардың «синек» орамдығын және еңбек инженеріне қажетті басқа да құ­рал-саймандарды есімде сақтап қалдым. Сондай-ақ біз тұрған екі қабатты ағаш үй мен кіре берістегі шие ағашы да есімде.
Жаза мерзімі аяқталғаннан соң отбасымыз Ташкентке бағыт бұрды. Ал Алматыға келуге әкеме рұқсат етпеді. Әкемнің бірінші не­кедегі үлкен қызы - Фанат­банудың үйінде тұрдық. Ташкентте болған кезімізден әкемнің жұмыс іздеп, бармаған жері қалмады. Бі­рақ барлық жерде бетін қайтарды. Әкемнің абыржулы кейпі әлі күнге есімде. Жұмыс іздеу үшін ол Ташкенттен жиі шығып тұрды, бірақ бәрі нәтижесіз болды. Ақы­ры Қандыағаш-Гурьев жол құры­лысынан жұмыс тапты. Тағы да орын ауыстыру. 1936 жылы құры­лысқа бара жатқанда жол-жөне­кей балалары ауырып қалып, мені пойыздан түсіріп, Қазалы станса­сындағы жұқпалы аурулар ауруха­на­сына жатқызды. Онда анам пәтерге орналасты, ал әкем жұмыс берген жеріне кетті.
1937 жылы маусым айының ба­сында әкемнің денсаулығы жа­ра­май құрылыстан кетті. Сол кез­де «Казахстанская правда» газе­тінде оның «Алашорда» ұйы­­мы­на қатысты бар екендігі жайында мақала жарияланды.
Осыдан соң әкем жұмысты Мәскеуден іздеді, сол кезде жол-жөнекей Уфаға бізге соғып кетті. Содан соң Волгострой мекемесіне жұмыс істеймін деген ниетпен Ры­бинск қаласына барады. Жұ­мыс таппай 1937 жылы тамыз айын­да Ташкент қаласына қызы Фанатбанудыкіне келеді. Ал­да­ғы жылдың көктемінен бас­тап Куйбышев гидроторабының құ­ры­лысына орналасуды немесе оқы­тушылық қызметпен шұғыл­дануды жоспарлайды. Оның 1926 жылға дейін Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтында (қа­зіргі Абай атындағы Қаз. Пед. уни­верситеті), Қазақ құс шаруа­шылығы ғылыми-зерттеу инсти­тутында, техникумде, Воронеж қаласындағы оқу орындарының біріндегі жұмыс факультетінде (рабфакта) жинаған тәжірибесі болды.
Мұхамеджан Тынышбаев 1937 жылы 22 қарашада Өзбек КСР-дағы (ІІХК) Ішкі істер халықтық комиссариатының, қоғамдық қау­­іп­сіздік басқармасының мына­дай айыптауларымен тұтқынға алын­ды: «...контрреволюциялық ұлт­шыл «Алашорда» ұйымына кір­ген революцияның алғашқы кү­нінен бастап, кеңестік үкімді жолынан тайдыруды көздегені үшін, сон­дай-ақ аталған ұйымның Өзбек­стан, Қазақстан және Қа­рақал­пақстан аумақтарында да етек жаюына қолғабыс бергені үшін; кеңестік үкіммен жаса­лы­нып жатқан байларды тарату, ұжым­дастыру және қоныстану­шылық шараларын бұрмалауға бағыттал­ған контрреволюциялық жұмыс­тар жасағаны үшін; 1923-1928 жылдары басмашы қозға­лы­сы бой­ынша басшылық жаса­ғаны мен бандылар тобын құр­ғаны үшін...»
1937 жылғы оқиғаны маған елдің басқа аймағында, Уфада жүріп қана бақылауға тура келді.
Мәскеуден Уфаға ІІХК орга­нынан көп мөлшерде, Башқұрт­стан 500 адамды атуға бұйрық келіп түсті. Мен түрме жақтағы жол­­ға қарап, терезеден жауын­гер­лердің күзетуімен жүретін тұт­қын­далған шаруалардың «бата­льон­дарын» жиі көретінмін. Ба­­­ла­лық аңқаулықпен «бұл қан­дай жаулар?» деп аң-таң бола­тынмын.
Кейін, күздің бір күнінде мені азанда ерте оятты. Сонда ІІХК қыз­меткерлері анамның туған сіңілісі Хажардың күйеуі, вете­ринар дәрігер, менің ағам Шах­базагерей Еникеевті тұтқындауға келіпті. Ағам мен оның халықтық комиссариатының (Наркомат) ауылшаруашылық бөлімінің (сель­хозотдел) бастығына Уфа жылқы заводындағы асыл тұқым­ды екі құлынға әдейі залал келтірді деген айып тақты. Бұған дейін, мен екі «халық жауын» тауып кел деген орган тапсырмасын орындау үшін жұмысына келіп көмек сұ­раған таныс қызға «мен олардың ешқайсысын да білмеймін» деген ағамның әңгімесін естігенмін. Ағамның сотталуынан кейін оған абақтыға азын-аулақ тамақ беріп жіберіп отыру және сот ісінің жағ­дайын білу бізге қиынға соқ­ты.
Шиеленісті күндердің бірінде, тұтқындау ушығып тұрған сәт­те, бізге жақын тұ­ра­тын прокура­тура заңгерлері­нің бірі өзіне-өзі қол жұмсап, өмірін қаза еткенін есті­дік.
Кейін мединститутты үздік бі­тірген апам Башқұртстанның шал­ғай ауданына жұмысқа жі­бе­ріл­ді. Ал біз екі реттей дерлік құ­қы­мызды шектеген анам екеуміз ғана қалдық үйде. Анам ағамның абақтыда отырып шығуының себе­бін іздестіруді қолға алды.
Шахбазгерей ағам екі жыл абақтыда отырған соң, «ешқандай қылмысы жоқ» деп босатылды. Судья ағамды құжаттары дайын болғанша абақтыда ұстай тұрғысы келгенімен, ол бірден сот залынан қайтты. Прокурор дереу босатуды талап етті. Прокурордың «Сендер неге енгізбейтін жерге, ары таза жандарды әкеп жеткізгенсіңдер?» деген сұрағына, «Енді қайтпекпін, халықтың екі жауын тауып әкел деген тапсырма алсам» деп жауап бергендер де болды. Дегенмен Уфа тұрғындары өздерінің барлық «батыр-жеткізушілерін» айтпай-ақ білді.
1938 жылдың ортасында анам Ташкенттегі құрбысынан әкеміз қайтыс болғандығы туралы хат алды. Жарты ғасыр өткен соң ғана оның абақтыда уланғаны туралы, демек ауыр жаза қолданғаны жө­нінде нақтырақ білдік. Ол ІІХД-ндағы құжаттарда көрсетілгендей абақты ауруханасында емес, каме­рада жазым болған.
Мен әкемнен бас тартпадым. Ғылыми қызметте жүріп, Ішкі іс­тер министрлігіне әкемді Таш­кентте тұтқындалғаны үшін ақтау жөнінде өтініш жолдадым. Оның ақталғаны туралы анықтаманы ше­шем екеуміз 1970 жылы, ше­шем­нің қайтыс болуынан жарты жыл бұрын ғана алдық. Шешем екеуміздің жұбымыз ажырамаған, ол бізбен бірге тұрды. Өмірінде «халық жауының» әйелі деген таңбаның бар қиындығын көрді. Әкемнің Алашорданың өзге бас­шыларынан кейін арада бақандай 12 жыл салып барып бірақ ақтал­ғаны, оның халық арасында мо­йындалмай қалуына себеп болды. Тынышбаевтың өзі де, оның Қа­зақ­стан халқына сіңірген еңбек­тері де мүлдем ұмытулы қалды.
Әкемнің Жетісудағы жерлес­тері ең алғашқы болып өздерінің арасынан шыққан көрнекті өкілі­нің есімін қайта тірілтуге тырыс­ты. Олардың Мұхамеджан Ты­ныш­­­баевтың 115 жылдық ме­­рей­­­тойын атап өту жөніндегі ұсынысын ке­зінде Дінмұхамед Қонаев (қазір оның атындағы қор) қызу қол­дады. Өйткені Ди­мекеңнің өзі өмір бойы халқына адал қызмет еткен Тынышбаевты үлгі тұтқан еді. Академик Нәдір Нәдіровтың естелігінде айтыла­тындай, Дін­мұхамед Ахметұлы өлерінен бір­неше күн бұрын «дә­рігерінің еш­қайда шықпаңыз» деген кеңесіне қарамастан Тал­ды­қорған қаласы­на барып, Тыныш­баевтың мерей­тойына қатысқан екен.
Менің туған күнімнен кейін Алматыға тұңғыш рет келуім (1999 жыл) Тынышпаевтың туғанына 125 жыл толуына байланысты мерейтойлы мерекемен тұспа-тұс келді. Қазақстан ғылым акаде­миясының қолдауымен Тыныш­баев­тың қоғамдық-саяси және ғылы­ми жұмыстарына орайлас­ты­рылған конференция өткізілді. Оның есімі Көлік және ком­му­никация академиясына, қаланың бір көшесіне берілді, кітаптары жарық көрді.
Д.Тынышбаев
(Шейх-Әли), ҚБТУ-дың профессоры, тех­ни­ка ғылымдарының докторы, Башқұртстан Республикасы ғы­лым мен техникасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ор­денінің иегері

«Айқын» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499