Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021
2337 6 пікір 29 Шілде, 2021 сағат 16:39

Режиссер Болат Атабаев өмірден өтті

Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Атабаев 69 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Азамат Сатыбалды мәлімдеді. 

"Қош болыңыз, кемеңгер режиссер. Қош болыңыз, ұлағатты ұстаз. Қош болыңыз, елін сүйген асыл ер. Қош болыңыз Болат аға. Жаныңыз жәннаттық болсын. Болат Атабаев мәңгі мекеніне аттанды. Алла алдынан жарылқасын", - деп жазды Азамат Сатыбалды.

Болат Атабаев 1952 жылы 15 мамырда бұрынғы Талдықорған облысы, Тентек ауылында туған. Драматург, театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Неміс драма театры мен Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында бас режиссер болып жұмыс істеген.

"Астана" медалін, "Қазақстан мен Германия театрлары арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін" Гете медалін таққан.

Abai.kz порталы режиссердің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады! 

Abai.kz

6 пікір