Жұма, 29 Наурыз 2024
3865 0 пікір 25 Шілде, 2021 сағат 12:19

Алматы облысында ауыл әкімдерін сайлау қалай өтеді?

Бүгін, 25 шілде күні Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау науқаны өтеді. Бұл бастама алғаш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Жолдауында айтылған болатын.

Президент Тоқаевтың айтуынша, ауыл әкімдерінен соң, аудан, қала әкімдері де сайлануы мүмкін.

-Биліктің халыққа көңіл бұра бастағанын осыдан аңғаруға болады. Бірте-бірте қала, тіпті облыс әкімдерін де залық өзі таңдап жатса қарсы емеспіз. Бірақ, әзірге алдағына болжап айту артық болар,- деген еді Президент.

Ал, аталған саяси дода барысында Алматы облысындағы 71 ауылдық округке жаңа әкім сайланбақ.

Бастапқа кезде өңірдегі ауыл әкімдерін сайлауға қатысушылардың саны 279 адам болған. Соңғы мәлімет бойынша аймақтағы кандидаттар саны 235-ке қысқарыпты. Яғни, 44 үміткер әртүрлі себептермен сайлауға қатыспайтын болған. Ал, саяси додаға түсіп жатқандардың ішінде 82 үміткер саяси партия өкілдері болса, 153 адам өзін-өзі ұсынғандар екен.

Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі қаһарман жақсылықтың айтуынша, өңірдегі әкімдікке үміткерлер ең көп тіркелген аймақ Талғар ауданы болған.

-Қазір Іле ауданы Чапаев ауылында кандидаттыққа 5 үміткер тіркелген. Бұған дейін өңірдегі үміткерлер саны 9 кандидат болған. Әкімдікке үміткерлер ең көп тіркелген аймақ Талғар ауданы болып отыр. Онда бір адамға 6 адамнан айналуда,- дейді өңірлік сайлау комиссиясының мүшесі.

Қазір, Алматы облысында Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 7:00-ден бастап облыстағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастаған. Бұл науқанға өңірдегі 220 мыңнан астам тұрғын дауыс беруге қатысады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, оысдан бір айт бұрын Президент Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау жөнінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен кеңес өткізген болатын. Президент Әкімшілігі мен Үкімет басышылығы қатысқан жиында бұл сасяи доданың маңызы жөнінде жан-жақты талқыланған.

-Бұл оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес десек болады. Бұл біз үшін стратегиялық маңызға ие айрықша мәні бар үлкен міндет. Себебі, біздің азаматтарымыз алғаш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие боламақ. Біз бұл қадамға жоспарлы түрде, біртіндеп келдік,- деген еді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халықының 40 пайыздан астамы ауылда тұрады. Сондықтан, аталған сасяи шара ең әуелі ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқан көрінеді.

-Бұл сайлау біз жүзеге асырып жатқан саяси реформаларға тың серпін береді деген сенімім бар. Сонымен қатар, бұл шара ауыл тұрғындарын ел басқару мен шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашады,- деді Президент.

Еске сала кетейік, ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Ұлттық экономика министрлігінің болжамынша, осы жылдың еекінші жартыжылдығында 800 ауыл әкімі тікелей сайланады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541