Сенбі, 20 Сәуір 2024
5962 1 пікір 23 Шілде, 2021 сағат 15:07

Еркебұлан Дайыров «Азияның үздік актері» атанды

Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Канндағы World Film festival-де «Азияның үздік актері» номинациясын жеңіп алды.

Ол қазақстандық режиссер Эльмира Гильманның «Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін марапат алды.

Дайыров өзінің Instagram парақшасында қолдау көрсеткені үшін Қазақстан халқына алғысын білдіріп, бұл бүкіл түсірілім тобының жеңісі екенін атап өтті.

«Күнбағыс» фильмі отбасындағы ересек адамдардың мәселесін шешуге тырысқан, интернетке тәуелді 14 жастағы жасөспірім туралы баяндайды.
Ата-анасымен және мектеп мұғалімімен жанжалдасқан бала басқа шындықты басқа әлемнен іздеуге тырысады.

Айта кетейік, Еркебұлан Дайыров «Томирис», «Анаға апарар жол», «Әміре», «Тобыл», «Бауыржан Момышұлы» және «Балуан Шолақ» сияқты фильмдерде басты рөлдерді ойнаған.

Abai.kz

1 пікір