Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107374. Жазылғандар — 102064. Қайтыс болғандар — 1699
Жаңалықтар 1926 0 пікір 29 Мамыр, 2012 сағат 07:03

Алмахан Мұхаметқалиқызы. Абай жүрегiнiң теңiзi

(Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңіне - 110 жыл)

Жаратқан Иеге, Алла-тағалаға бiр табан болса да жақындаймын, Хақ нұрын көремiн, сеземiн деген кiсi толық адам қалпынан айнымай өзiнiң боямасыз ықыласын, қалыбын, мейiрiмiн қасиет қылып көтередi екен. Қасиет-кiсiнiң тұрмысында емес, болмысында. Қасиеттi кiсi жасамайды - кiсiнi қасиет жасайды.

Абайдың 1902 жылы жазған  үш өлеңiне биыл 110 жыл толады. "Тоты құс түстi көбелек", "Алланың өзi де рас, сөзi де рас", "Жүрек - теңiз" өлеңдерi.

Абай бұл күнде қиянатқа аттап баспайтын, жүрегiнiң басына шүкiршiлiк жинаған, маңайына адамшылық пен iзеттiлiктiң шамын жаққан, анық пайғамбарлық мiнезге бет бұрған  кезеңi едi. Өлеңдерiн, iштегi ойын ырғаққа, ұйқасқа көндiре алмаған кезде, қара сөз - ғақлияларын қағазға кестеледi. Алысты болжап,  асыл ойдың тұтқынына айналды. Пендешiлiк күйкi тiрлiктен бойын аулақ ұстап, заманның тұрғысына зау биiктен көрiнгiсi келдi. Өйткенi ақын - әлемдiк гармония радары, көктегi Жаратқан Ие мен жердегi тiршiлiк иесiнiң жалғастырушысы. Ақын - антенна.

«Алланың өзi де рас, сөзi де рас,

(Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңіне - 110 жыл)

Жаратқан Иеге, Алла-тағалаға бiр табан болса да жақындаймын, Хақ нұрын көремiн, сеземiн деген кiсi толық адам қалпынан айнымай өзiнiң боямасыз ықыласын, қалыбын, мейiрiмiн қасиет қылып көтередi екен. Қасиет-кiсiнiң тұрмысында емес, болмысында. Қасиеттi кiсi жасамайды - кiсiнi қасиет жасайды.

Абайдың 1902 жылы жазған  үш өлеңiне биыл 110 жыл толады. "Тоты құс түстi көбелек", "Алланың өзi де рас, сөзi де рас", "Жүрек - теңiз" өлеңдерi.

Абай бұл күнде қиянатқа аттап баспайтын, жүрегiнiң басына шүкiршiлiк жинаған, маңайына адамшылық пен iзеттiлiктiң шамын жаққан, анық пайғамбарлық мiнезге бет бұрған  кезеңi едi. Өлеңдерiн, iштегi ойын ырғаққа, ұйқасқа көндiре алмаған кезде, қара сөз - ғақлияларын қағазға кестеледi. Алысты болжап,  асыл ойдың тұтқынына айналды. Пендешiлiк күйкi тiрлiктен бойын аулақ ұстап, заманның тұрғысына зау биiктен көрiнгiсi келдi. Өйткенi ақын - әлемдiк гармония радары, көктегi Жаратқан Ие мен жердегi тiршiлiк иесiнiң жалғастырушысы. Ақын - антенна.

«Алланың өзi де рас, сөзi де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас»,- дегенде ұлы ақын әр нәрсенiң түп негiзi, болмыстың негiзi Жаратқан Ие, ал сол iстiң, мiнездiң, сол сергелдеңнiң себепшiсi - жұмыр басты пенденiң өзi дегенге келтiредi. Құран аятындағы "Аллаға сендiм және оның жалғыздығына сендiм" дегендi негiз етiп, «Аланның өзi бар, оның сөзi - Құран. Құран сөзi ешқашан жалған болмайды» дейдi.

Жаратылыстың адамзат шешiп болмаған толып жатқан жұмбақтары бар. Оны шешу үшiн, әлбетте, алдымен жаратылысты, Жаратқан Иенiң жұмбағын шеше бiлу қажет. Абайдың сан қайталап айтқан "дiни" ұғымдық өлеңiнде бүкiл жаратылыс, кеңiстiк, бiзге беймәлiм тiршiлiк иелерi, қоршаған ортаның сыры мен сипаты қосылып ақынды ерекше күйге баурайды. Ақын арғы-бергi бiлiмпаздарды көп тексерген, өзi де үлкен жүректiң иесi. Ол сананың, суық ақылдың ғана айтқанымен жүрген адам емес, уақтынан, ортасынан барынша озып, басқаша ой кешiп, бөлектене бiлген сезiм сипатының иесi. Ендеше, қатты күйзелiске түсiп, өз ортасынан бөлектенiп, ешкiмге жоламай, бөлекше тiршiлiк кешкен ақын табиғаты бiзге әлi жұмбақ. "Мен өзiм тiрi болсам да, анық тiрi емеспiн" деген Абай осы сөзiмен-ақ өзге  дүниенiң есiгiн ашып, айтқызбай-ақ беймәлiм тiршiлiк иелерiмен ұғысып  тұрған қалпымен-ақ бүгiнгi ұрпақпен үндескедей.

«Амантү - оқымаған кiсi бар ма,

Уәктүбиһи - дегенмен iсi бар ма,

Алла өзгермес адамзат күнде өзгерер,

Жарлықпен ол сiздерге сызды-өләрға» - дейдi Абай.

 

«Амантү» - деп отырғаны құран аяты,. Бұл жұрттың "Құран сөзiне сенемiн дегенiмен iсi бар ма" деп налиды.

Жаратылыс әлемi мен адам әлемi ұшы-қиырсыз басталуы да, аяқталуы да жоқ, тек Жаратушының өзiне ғана аян жұмбақ дүние.

Жер бетiндегi барлық ғылымдардың қайнар көзi - Құран кәрiм екендiгiн бүкiл әлем анықтап отыр. Оған дәлел - әртүрлi ғылым салаларының беделдi өкiлдерiнiң Құран кәрiмдi Алланың сөзi деп мойындап, мұсылман дiнiн қабылдап жатқандығы.

Алла өзгермейдi, адам өзгередi. Сыртқы сұлбаңды әлдекiмге ұқсатып айлакер сиқыршы атандыратын - пендешiлiк. Кейбiреулер пенде-ғұмырда дәулетiнiң буына мастанып, Алла-тағалаға қарайтұғын қалыбын, дүниеге бұрып,  боямасыз ықыласын мүлде естен шығарады. Өз қалыбын өзiнше өзгертiп, өзге боп  көрiнуге тырысушылық - шайтанның iсi.

Адамшылық жолы - Алла-тағала әу баста берген қалыбыңды сақтап, оны заманға, мезгiлге байланысты өзгертiп, басқаша қылып көрсетуге тырыспай-ақ тiршiлiк кешу. Екi жүздiлiкпен тiрлiк қылғанда басыңа бақ қона ма? Өзгеге ұқсаушылық түптiң түбiнде өзiңдi кемсiтумен пара-пар нәрсе.

Перiштенiң - перiге, перiнiң шайтанға айналуы оп-оңай.

«Адам нәпсi, өзiмшiл мiнезбенен,

Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес» - деп отырғаны, мына тезек дүниенiң тезегiн терiп, өлiп-өшiп жүргенде бiр-бiр шайтанға айналып кетпейiк дегенi.

«Күллi мақұлық өзгерер Алла өзгермес» - дейдi. Абай.

Адамның адамшылық қасиетi үш-ақ нәрсе; «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» Осыларды бұзатын және үш iс бар; «пайда, мақтан, әуесқой», деп қылдан таюдан сақтандырған да Абайдың өзi. Адамның мiнезi - иман таразысы секiлдi пайда ойлатып, мақтан қыздырмалап, әуесқойлық жеңiп күнде өзгередi. Өзгермейтiн жалғыз ғана Жаратқан Ие. Ендеше,  қылтылдаған таразы басындай достың көңiлi өзгердi, пейiлi бұзылды, өзгермелi заманның ығына естi деген осы.

Әл-Фарабидiң "Кемеңгерлiк меруертi" деген әйгiлi кiтабының  әрi ойлы, әрi аса мазмұнды түсiнiктемесiмен Абай да таныс болған деген тұжырым бар.

«Сан берген сана берген санат берген,

Инсан деп саналыға ол ат берген

Жаратып барша әлемдi жалғыз нұрдан.

Жауһари нұр сәулесiн тарат деген» деп Әл-Фараби бабамыз айтқан ойды Абай:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй, сол Алланы жаннан тәттi»- деп өрбiтiп әкетедi.

"Құдай тағаланың жолы деген жол - ниһаятсыз болады" - дейдi ақын өзiнiң 38-шi қара сөзiнде. Оның ниһаятына (шегiне) ешкiм жетпейдi. Бiрақ, сол жолға  жүрудi өзiне шарт қылып кiм қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делiнедi. Жаратушы иенiң шегi жоқ өзгеше әлемiнiң  есiгiн ашып, дәм-тұзын татып, тiршiлiк ләззатына бату, жар сүю, бала өсiру, махаббат пендесiне ғана бұйырған. Жақысылыққа таспай, жаманшылыққа саспай, сол Жаратқан Ие сызған жарық сәулемен iлгерi басу, адамдарға ғана тән. Осының өзi  кемел бағыт, келелi күнгi шүкiршiлiк. Көңiлдiң тоқтығы, жүректiң иманигүлi. Өз пайдасын ғана ойламай, өзгелерге де жақсылықтан шам жағып, жылу тарта жүрiп, сапар шегу - толық адамға жеткiзедi.

«Адам нәпсi, өзiмшiл мiнезбенен,

Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес» - дептi тағы да.

Адамның табиғатынан келе жатқан осалдығы неде? Адам - қаншама терiс, қисынсыз тiрлiк жасаса да, "өзiмдiкi терiс болыпты" деп өзiн iреп - мiнеп сынауды жақсы көрмейдi. Әйтеуiр бiр себеп-салдар iздеп, iлiк тауып, дұрысқа шығарғысы келедi. Мұнымен тұрмай өзiн ерекшелегендi, өзге кiсiнiң өзiнен бiр саты болса да төмен тұрғанын ұнатады.  Жағымпаз, мүләйiм мiнез танытқан сыбайласына "жоқ" деп бетiнен қайтарып, турасын айтып, туғанына жақпайтын  мiнездi тағы таппайсыз. Бұл шынның жүзiне тура қарауға құдiреттiң жетпейтiндiгi болса керек. Өзiнiң дұрыс iстемегенiн жуып-шайғысы кеп, өзгенi кiнәлауға құлшынып, керiсiнше, өз басындағы кемшiлiкке сыншыл мiнез таныта алмау - адамға анық қатер. Түптiң түбiнде жақын деген адамдарынан бөлiнiп, бөлекшеленiп қалуы мүмкiн. Осы шындықты барынша терең түсiнiп, өз кiнәсiн, өз мiнiн көзге  шұқып көрсетiп айту әдебиетте Абайдан басталған десе де болады. Ендеше, ақынның "Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенiм де өз сөзiм емес, бәрi де әлдекiмдiкi" деуi "бойымдағы мiндi санасам, тау тасынан аз емес" дегенiнде жүректегi үлкен сыр жатыр. Ащы шындықтың сызы сезiледi.

«Дiн де осы, шын ойласаң, тағат та осы.

Екi дүние бұл тасдиқ - Хақтың досы» - деген Абай ең әуелi жан дүниенiң құбыла өзгеруiн қас қақпай танитын, өзiн де өзгенiң де iшкi сарайын айнадан көргендей көрiпкелдiкпен тамыршыдай тап басып айтатын қасиет иесi. Ол - жан құбылысын рухтан, қасиеттi Құраннан ажырата бiлушi Құран сөздерiн пәлсапалық тұрғыда түсiнушi ғұлама.

 

Астана қаласы,

Қазақстан-Ресей университеті,

«Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры,

ҚазақстанЖазушылар Одағының мүшесі, ақын

«Абай-ақпарат»

0 пікір