Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Аласапыран 4248 0 пікір 23 Шілде, 2021 сағат 12:11

Жетім санын арттырған коронавирус

Британдық зерттеушілер балаларды ата-анасыз немесе қамқоршысыз қалдырған коронавирустық инфекциядан болатын өлімнің алғашқы жаһандық талдауын жүргізіп, COVID-19 пандемиясы әлемдегі жетім балалар санының артуына әкелгеніне көз жеткізді. 

Зерттеудің авторлары математикалық модельдеуді қолданған. Олар 21 елде 18 жасқа дейінгі балалардың ата-анасыз, қамқоршысыз қалу санын есептеген.

Сонымен, Лондон императорлық колледжі ғалымдарының талдауына сәйкес, 2020 жылдың наурызынан бастап 2021 жылдың сәуіріне дейін 21 елде (Аргентина, Бразилия, Колумбия, Англия, Уэльс, Франция, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Кения, Малави, Мексика, Нигерия, Перу, Филиппин, Польша, Ресей, Оңтүстік Африка Республикасы, Испания, АҚШ және Зимбабве) COVID-19 пандемиясы жетім қалған балалар санын 1134000-ға арттырған.

Жалпы, ата-анасынан немесе үлкен туыстарынан айырылған балалардың саны 788704-ке жетті. Жетім балалар саны бойынша бірінші орында Мексика - 141,1 мыңнан астам, Бразилияда 130,3 мыңнан астам кәмелетке толмағандар ата-анасынан айырылды. Үшінші орынды АҚШ алады - 113,7 мың бала. Ресейде бұл көрсеткіш 29,7 мың бала жетім қалды.

Ғалымдар вирустың жаңа штамдарының таралуы және вакцинацияның бәсеңдеуі пандемия кезінде жетім балалар санының көбеюіне әкелуі мүмкін деп қорқады.

Abai.kz

0 пікір