Жұма, 26 Сәуір 2024
4109 2 пікір 20 Шілде, 2021 сағат 14:04

Цой: 2 млн доза Pfizer әкелеміз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасының екі миллион дозасын жеткізуге қатысты айтты деп хабарлайды Abai.kz tengrinews.kzке сілтеме жасап.

"Мән-жайы - құпия. Біз бастапқыда сауда келісіміне қол қоямыз, оның нәтижелері бойынша мәмілелердің қандай да бір егжей-тегжейін жария ете алмаймыз. Pfizer бойынша айтарым, әә, бізде белгілі бір келісімдерге бар. Қазір біз Денсаулық сақтау министрлігіне осындай келісімшарттарға қол қою және одан әрі Pfizer компаниясының шарттарымен осы жеткізілімді жүзеге асыру құқығын беру мәселесін пысықтап жатырмыз. 

Жақын арада. Бұл - екі жақты қарым-қатынас. Көлемі, бағасы келісімшартта болады. Қорытындылай келе, егер бізге бұл ақпаратты халыққа жеткізуге рұқсат етілсе, біз оны міндетті түрде жасаймыз. Өндіруші бізден деректерді беру бойынша құпиялылық сақтауды сұрайды, әйтпесе келісімшарттың өзі жойылуы мүмкін. Бұл төртінші тоқсан. Бізде жеткізілімдердің нақты кестесі пайда болатын кезең. Әзірше екі миллион туралы алдын ала келісімдер бар.Онда барлығы компания бізге қандай мерзімде жеткізе алатынына байланысты. Біз бұл мәселені пысықтап жатырмыз", - деді Цой.

Бұған дейін президент Pfizer вакцинасын жеткізбеген министрлікті қатаң сынға алған еді.

Abai.kz

2 пікір